//

Орал қаласындағы Мәншүк ескерткіші неге құлатылды?

3291 рет қаралды

Il Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі – Мәнсия) – 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туған.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді.

4hdu8hp1he4f061gacuog9zsr89049

Соғыс басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысады. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түседі.

1943 жылы қазанның 16-ы күні Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше шайқасады. Қасындағы жолдастары мерт болып Мәншүк Үш сағат бойы жаумен жалғыз атысқан екен.

Қаһарман қазақ қызына  1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.  

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы – А. Михалков-Кончаловский, режиссері М.Бегалин) көркем фильм түсірілген.

Мәншүктің туған жері Орал қаласында асқақ ескерткіш орнатылған еді, 2017 жылы май айының 22 күні соны жергілікті биліктің пәрменімен  құлатты. Биліктің айтуына қарағанда ол жерге басқа ескерткіш орнатуға шешім шықса керек. Ал құлатылған, Орал қаласына, аймақтық орталыққа сыймаған қазақтың қаһарман қызының ескерткішін оның туған жеріне жібермек дейді.

Орал қаласының төрінде елі мен жері үшін жанын пида еткен қазақтың қаһарман қызының ескерткіші кімнің көзіне сүйел болып көрінді екен?

Қарамер.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар