//

Латын әліпбиі – көңілге қонбады

2813 рет қаралды
7

«Сырт көз сыншы дейді» ғой. Қазақтың тілін ғана біліп қоймай, мәдениетін тереңнен түсінген, ішкі дүниетанымымызбен біте қайнасқан, қазақтың «сары шалы» атанған марқұм Герағаңның, Герольд Бельгердің бір айтқаны ойыма оралып отыр. Сөзбе-сөз болмаса да, Гер-ағаң: «Баяғы заманда, біздің бала күнімізде, күлге көмілген «күлше» әлі есімнен кетпейді. Апаларымыз кешке ойыннан қалжырап қайтқан балаларды алдандыру үшін сырты күйген, іші шикілі-пысылы күлшені ұсынатын. Оның піскен-піспегенінде шаруамыз жоқ, ықыластана жеуші едік. Қазіргі Қазақстандағы заңдар сол шикілі-пысылы күлшені көз алдыма әкеледі. Шала-шарпы, асығыс-үсігіс, сыртын күйдіріп, ішін пісірмей әкеле салатын» дегені есімде қапты.

Президенттің алдына екінші рет ұсынылып отырған латын әліпбиінің нұсқасын көріп, Герағаңның осы әңгімесін еріксіз есіме алдым. Латын әліпбиінің нұсқаларын бірінен кейін бірін асығыс-үсігіс жасап қабылдатуға сонша не үшін жанығып жүргендерді әлі түсіне алар емеспін. Оның әлі концепциясы жасалмаған, апробациядан өтпеген, тәжірибелік ерекшелігі ескерілмеген. Біресе диграфтық, біресе апострофтық үлгіні тықпалағанымен, оның ғылыми негізін түсіндіре алмауда.

Жалпы латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме айтылғалы 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында, жалпы халықтық талқылаудан өткен, апробациядан өткен, ғылыми негізі жасалған әліпби жасалмағаны мені қайран қалдырады. Дәл осы мәселемен айналысатын «Тіл комитеті», «А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» сонда қандай мәселемен шұғылданған? Сансыз лингвистеріміз латын әліпбиінің халқ көңілінен шығатын бірнеше нұсқасын жасамай қайда қарап отырған! Енді бұл миссияны Шаяхметов атындағы республикалық орталық мойнына алыпты. Лингвист ғалымдардың барлығы неге бұл істен тыс қалуы керек? Былайғы оқырман түсінбейтін қитұрқылықтар көп, бірақ, көпшілікті толғантқан көп сауалдың жауабы жоқ.

 Төменде фейсбук қолданушыларының кейбірінің латын әліпбиі туралы пікірін ұсынып отырмыз: 

Shynggys Mukan

  • Латын әріптеріне көшуді компьютерге қолайлы деген уәжбен байланыстыруды қою керек. Егер ақпараттық теxнология дамуына әріптер кінәлі болса, Жапония, Қытай, Израиль артта қалып қойған болар еді.
    • Америкада жүргеніме бір жылдан асты. Қазіргі қазақ алфавиті менің ақпарат алмасу мүмкіндігіме ешқандай кедергі келтірген емес. Тілді теxнологияға бейімдегенше, теxнологияны тілге бейімдеген әлдеқайда тиімдірек.
    • Компьютер бағдарламаларын дамытуға қолданатын agile деген әдіс бар. Кез келген өнім немесе өзгеріс тұтынушылардың кері байланысы арқылы жүзеге асады. Қандай әріп қандай болатынын алдын ала шешіп алу соңында тығырыққа апарып тірейді. Сондықтан, түрлі варианттарды нақты қолданыста сынақтан өткізген жөн. Оқу-жазуға қайсысы қолайлы? Қоғам қайсысын қабылдайды?
    • Бізде, өкінішке орай, санаулы адам шешіп, жоғарыға жүгіреді. Оны бекітіп, заң күшін береді. Ертең қағазбан қабылданғанды қоғам қабылдамайды. “Жоғарыдан төменге” деген сәтсіздік формуласы дәл осы нағыз xалықтық жобаға қолданылмағанын қалар едім.

Ақжігіт Әлібекұлы

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті қазақ жазуын латын əліпбиіне көшіруге қатысты жұмыс тобымен кездесті. Кездесу барысында Президент латын əліпбиін таңдау үшін көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті жəне мамандарға, барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Бұл əліпби бұрынғы таныстырылған əліпбиден өзгерек. Бұған насихаттауға, түсіндіруге, əдістемесін жасауға лайықты сөз керек. Бұл əліпби “бір дыбыс – бір əріп” ұстанымына толық сəйкеседі десек те, көзі қарақты азаматтар бірден байқайтын кемшіліктер де жоқ емес.
Біріншіден, жаңа нұсқада дəйекшесіз (апострофсыз) “с” таңбасы ешқандай дыбысқа қолданбағандықтан оны “ш” дыбысына беру керек шығар. Сол кезде “ш” дыбысын ” s’ ” деп белгілемес едік. Ал, “ч” дыбысы кейбір аймақтарда ғана қолданғаны болмаса жалпы қазақ тілінде жоқ. Тек кірме сөздерде ғана қолданылады.
Екіншіден, ” у ” дыбысын ” У’ у’ ” таңбасымен белгілеу де “У у ” əрпімен белгіленген ” ы ” дыбысымен шатастырады деп ойлаймын. Біз латын жазуына көшу идеясын қолдай отырып, ең жақсы əрі болашақта қиындық тудырмайтын “бір дыбыс – бір əріп” принципіндегі əліпбидің қолданысқа енгенін қалаймыз.

Мұхтар Сеңгірбай

Әліпбидің жобаларын тіл саласына қатысы жоқ бір кісі бес минутта жасай салғандай әсер қалдырады. Бұл жолғысы әлдеқайда тәуір десек те, у да у [апострофпен], ы да у болып кеткен қалай? Бұлар ұқсас дыбыстар емес қой. Қаптаған үтірлерді не істейміз?


Erlan Sairov

Латын әлпібиіне байланысты кереғар пікірлер болып жатыр. Пікір талас керек, бірақ іс жүзіне асыру одан да маңызды!!! Шыны керек, бұл мәселе біздің өткеніміз бен болашағымыздың айнасы тәрізді. Мен биліктің көптеген мәселесімен келіспеймін, ол жөнінде өзімнің ойымды ашық білдіремін. Екі мәселесімен толық келісіп, қолдап жұрмін. “Рухани жаңғыру”, соның ішінде латын әліпбиіне көшу мәселелері. Рухани жаңғыру дегеніміз, “модернизация”, адам, қоғам өзінің өмірінде күнде, сағат сайын өзгеріске дайын болып, өзгере білуі қажет. Олай болмаса, тарихтың тасасында қаласың, уақыт кеңістігінен шығып, ұлт ретінде жойыласың. Қазаққа ұлт ретінде жойылу қажет пе? Жоқ.Менің ойымша, өздерінің жаны-тәні қазақ деп сезінетін жандар, бұл мәселені ойланбастан қолдауы қажет. Латын әліпбиі, біздің дүниежүзілік ғылым, жаңашылдық, рухани әлеміне өтуіміз үшін қажет дүние. Дүниеде бүкіл халықтың 80 пайызы латын әрпіне көшіп кеткен.Экономика, ноу-хау, рухани әлем осы бойынша дамып жатыр. Осындай ауқымды, біздің бала-шаға үшін өзекті мәселеге келгенде жауапты болып, “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шыңағып” өзіміздің өресімізді көрсету қажет-ақ.Ойыншыққа айналдырғысы келеді! Бірақ, тағы да келіспеушілік, кері тартушылық басым ба деген ой келді. Бізге латынға өту керек. Біз үшін емес, біздің бала-шаға үшін. Өзімізді ойламай-ақ қояйық. Мен ешкімге өзімнің ойымды мәжбүрлеуден аулақпын, бір бауырыма: ” латынның қандай да мәтіні қабылданған күні көшемін”, деп едім. Сол ойымнан әлі танған жоқпын. Өз басым тәуекелге дайын… Қазақ, бір ұлттың пушкасынан, пулеметінен қорыққан екен. Басқа ешкімнен қорықпаған қазақ, кәдімгіше қорқып,сестеніп отырған.Атам айтушы еді, “қорыққан жоқ, жауап беретін құралы болмады” деп. Техника болмаған. Сол техниканың жаңа әлпетіне жету үшін, бізге жаңа тұрпат қажет. Өзіміздің тұрпат….

Nuraddin Sadykov

Қалаймақан, шатақ графикалардан шаршадыңыздар ма?!. Әліппе ауыстыруды – тек таңба ауыстыру деп түсінетін “данышпандарға” оның соңынан орфография, орфоэпия, терминология, аббревиатура деген мәселелер туындайтынын, оны да әлемдік ғылыми прогрестің көшінен қалмайтындай етіп сәтті шешу керектігін ұғындыратын адам бар ма? Ең қарапайымы, апострофты жылтылдата бермей, Аxмет Байтұрсынұлының үндестік заңына басымдық берсек, көп мәселе өздігінен шешілетін түсіндіретін жан бар ма, “тілшілерге”?..

А. Жұмағалиұлы

КСРО, ДОЛЛАР және АҒЫЛШЫН тілі

Бір кезде КСРО мемлекеті мәңгі құламайды деп сендік. Құлады. Одан кейін әлемде жалғыз ақша – доллар ғана үстемдік етеді деп ойладық. Қазір еуро, юан сияқты валюталар да күш алып барады. Ал енді интернет пен компьютерде ағылшын тілі мәңгі үстемдік құруы мүмкін бе??? Мүмкін емес деймін. Демек, Латын мәселесінде де ойлану керек. Әліпбиімізді ағылшындық стандартқа байлап тастап, күндердің күнінде тағы бір проблемаға тап болып жүрмейік!

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын, бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет

  2. Ең алдымен латын əліпбиіне көшуге байланысты үгіт насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет.Сонда халық толықтай латын əліпбиіне көшудің пайдалы тұстарын анық түсінетін болады.

  3. Сонымен қазақ тілінде бұдан былай ъ және ь дыбыстарын қолданбайтын болдық деген темағой

  4. Біреуі былай дейді, екншісі былай дейді. Қайткенімен де халықтың қалауы болады

  5. сонау 30 жылдары латын әліпбиінде жазған кісілеріміз не дейді екен? Егер олар арамызда бар болса

  6. Ц әрібі неге жоқ? Ч-ны С’ деп белгілесе, онда Ц әрібін С деп белгілеу керкек секілді

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі