//

«Рух» бәйгесінің барысы қалай?

636 рет қаралды

“Әдебиет порталы” жариялаған «Рух» халықаралық әдеби конкурсы бүгінмен шығарма қабылдауын доғарды. Ережеде солай деп көрсетілген болатын. Желтоқсан айының төрті, түнгі 12.00 уақытқа дейін жолдап үлгірген материалыңыз қабылданады екен. Бұл өте дұрыс шешім болған. Менің айтпағым: осы конкурс барысынан өзім байқаған бірнеше ерекшеліктері. Бұрын-соңғыда бұндай қомақты қаржылы бәйге тігіп, қатысушылардың атақ-даңқ, абырой-лауазым, мекен-жай, жас шамасына қарамай жалпыға ортақ жар салып, сауын айтқан дүбірлі аламан жарыс болмаған еді.  Бұны қазақтың көркем әдебиетіне бөлінген үлкен қамқорлық деп білемін.

Екіншіден бұл жарысқа «ат қосқандардың» қарасының молдығы және сәйгүліктерінің алуан түрлілігі «өлеңге әркімнің таласы бар екендігін» дәлелдеумен қатар қазақ көркем әдебиетінің бүгінгі ахуалын, тыныс-тіршілігін, таным-талғамын тануға зор мүмкіндік тудырды. Ал бұлардың сыртында қаранор болып сырттай бақылап, тамашалап, тақымын қысып, қызыға қарап отырған ақын-жазушы қаншама. Демек, аш құрсақ жүрсе де қазақ сөзін, қазақтың тілін алға сүйрейтін қара нар қауымның аз емес екендігіне көңіліміз көншиді. Ал бұлардан тыс қаншама үміткер мәреге жетпей қалып қойғанын да ескеріп қойыңыз.

Әлбетте, конкурсқа қатысқандар арасында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей шашасына шаң тимес, өрге салса төске озған небір сұмдық сүлей күліктердің бар екеніне күмәнім жоқ. Ол бүгінгі күні  «оқуға тұрарлық туынды тумай жатыр» деп аузын құр шөппен сүртетіндерге сөзсіз жауап болары да анық.  Ал олардың жанкүйерлерінің қарасының өзіне көз жеткісіз екен. Порталдың алғашқы 5 бетіндегі 45 автор шығармасын (14:30. 05.12.2017) 4332 қараған немесе оқыған. Әр қаламгердің әр қайсысында жүзден оқырманы бар деген сөз. Бұл дегеніңіз ауыз толтырып айтарлықтай, өте көп оқырман емес пе? Біз әдебиет оқылмайды, оқырман жоқ дейміз. Құй шығарманы болсын, құй оның авторын болсын құптап, қошаметтеп, демеп дем беріп, тілектес, тілеулес болып жатқандарының өзі әдебиетке, қазақ көркем сөзіне жаны ашитын жақындығы болса керек. «Рух» бәйгесі бізге осыны айқындап берді.

Мінеки, әзірше қазақ руханиятының қандай деңгейде екендігінің сандық белгілі бір көрсеткіші осындай.

Ал оның дәрежесін анықтау, конкурсқа қатысқан туындыларды оқып, сүзгіден өткізіп, оған сараптама жасап, бәйге үлестіру порталдың ішкі ісі, басқа әңгіменің тақырыбы!

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі