//

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАРЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

907 рет қаралды

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер еліміздегі сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

“Бүгінде елімізде шамамен 1151 сауда орталығы бар, биыл барлығы тексерістен өтеді. Осындай қайғылы оқиғаларды ескеріп, мен эвакуация жолдарын, өртті анықтау жүйесі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына ерекше көңіл бөлуді тапсырдым”, — деді Беккер. 

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орталықтарына 50 АЕК немесе 120 250 теңге айыппұл салынады.

“Жабық тұрған әр есік үшін айыппұл салмаймыз. Әкімшілік хаттама толтырылады, барлық заң бұзушылық соған тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер екінші тексеріс кезінде заң бұзушылық жойылмаса, материалар сотқа жолданады. Ол кезде айыппұл мөлшері өсіп, 100 АЕК-ті құрайды немесе нысанның қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Былтыр мұндай шараны 21 рет қолдандық”, — деді ол. 

ТЖК басшысы қазақстандықтар қауіпсіздік талаптарын бұзған сауда орындарына жазбаша түрде шағымдана алатынын айтты.

“Сурет пен видео жолдаған жақсы, әрине. Бірақ заңнамаға сәйкес жазбаша арыз қажет. Біз қазір осы жүйемен жұмыс істеп жатырмыз. Тексерісті қатаңдату үшін бірқатар ұсыныс дайындап қойдық. Жоспарлы тексеріс не екенін сіздер жақсы білесіздер. Кәсіпкер тексеріс жоспарына енгізілгенін көреді. Оның үстіне, біз бір ай бұрын тексеріс үшін келетінімізді хабарлаймыз. Әрине олар дайындалады. Ал біз сауда нысандары қожайындарының жауапкершілігін көтеруіміз керек. Сауда орталығындағы қауіпсіздік үшін мемлекеттік инспектор емес, ең әуелі сол нысанның қожайыны қам жеуі керек”, — деді Беккер.

Журналистер комитет төрағасынан “балаларыңыз бен немерелеріңізді Астанадағы сауда орталықтарына жібересіз бе?” деп сұрады.

“Шынымды айтайын, бұл жайында ойланып қалдым”, — деп қысқа қайырды Беккер.

Еске сала кетсек, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапқан болатын.

ult.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар