//

ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ

940 рет қаралды
кино
сурет www.qamshy.kz алынды

Талантты болудың тауқыметін тірлігі мен өлгеннен кейін де бірдей көрген бірі кісі болса, ол – Әміре. Жалшы болған жас бала… Әлемді мойындатқан Әміре… Мұстафа Шоқаймен кездесуге батылы барған Әміре… Тамара-Ханумның өзіне ұстаз болған Әміре…. ОГПУ-дың зорлық-зомбылығын көрген Әміре… Көзі тірісінде балаларын қазақтың асыл адамдарына табыстап кеткен Әміре… Алматының көшесінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған Әміре… Басы алпыс жыл қарайтылмай қалған Әміре… Жазылған әндері жарты ғасырдан кейін зорға табылған Әміре… Қазақты әлемге танытса да әлі күнге дейін бір ескерткіші тұрғызылмаған Әміре… түбіне жеткізбейтін қиын тағдыр!
Бір ғана деталь: үш сағаттың ішінде үзіліссіз 35 әнді қиналмай шырқап, сахнадан қыңқ демей шығып кете беретін әнші қазақта оған дейін де, одан кейін де болған емес. Қазіргі әншілер бір әннің өзін қылғынып айтып шығатынын көз көріп жүр. «Ағашаяқты» салған жерден жоғарғы нотамен айтатын әншің бар ма дәл қазір? Жоқ. Осындай ғасырда бір туатын әншінің Париж сапарына арналған кино көңілден шықты. Көркемсуретті фильм көркемдігімен көңілді жаулады. Қуанарлығы, туынды тарихи дерекке құрылып түсірілгенімен қатып қалған қасаң деректерге байланып қалмаған. Тарих пен фэнтезидің шебер синтезіне құрылған фильм биік талғам мен есті эстетиканың жемісі екеніне ешкім шүбә келтіре алмайды. Социализм дәуірінде Жарқын Шәкәрім ағамыз халықты Әміремен қайта табыстырып еді. Одан бергі уақытта енді осы фильм жас ұрпақтың Әміренің кім екенін білуге құштарлығын оятары сөзсіз. Ең бастысы, фильм көрерменді ойлауға, өзінше шындықты іздеуге итермелеуімен құнды дер едім. Вариацияның хас шебері атанған Әміренің өнер мен өмір жолына тереңірек үңілетіндер осы фильмнен кейін көбейетініне күмәнім аз. Кинотуындыгерлер дәл қазір өмір сүріп жатқан жас ұрпақты өз тарихын түсінуге және оны тануға, төл тарихымен мақтануға талпынысын тудыра алғандығымен ерекшеленгенін алдымен айтуымыз керек. Киноматография өз міндетін бұдан артық қалай орындауы мүмкін?! Сондықтан да түсіру тобы мен актерлерге мың алғыс.

Шархан Қазығұл

Facebook парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі