///

Internews қазақ тіліндегі онлайн медиамектепке талапкерлерді қабылдайды

856 рет қаралды
Internews медиа мектебі – медиа саласында заманауи, жаңа білім алғысы келетін, кәсіби контент жасауға ынтасы бар блогерлерге, азаматтық ұстанымы бар белсенді адамдарға, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, азаматтық журналистерге арналған вебинарлар мен практикалық сабақтардың тізбегі.

Медиамектеп бағдарламасының аясында келесі тақырыптар қамтылады:

  • тақырып пен ақпарат көзін іздеу;
  • ақпаратты жинау және дайындау;
  • журналистік этика, өшпенділік тілі;
  • интернетте басылу үшін қалай жазу керек, мессенжерлерді қалай пайдалануға болады;
  • фактілерді тексеру, верификация;
  • визуал және интерактив элементтерді пайдалану, фото және бейне контент дайындау.

Вебинарлардың басым көпшілігі қазақ тілінде өтеді. Жүргізетін тренерлер: Жұлдыз Әбділда, Дина Жансағым, Анна Сухачева, Марат Садықов.

Курсты толығымен аяқтап, практикалық тапсырмаларды тапсырған қатысушылар Internews сертификаттарын алады.

Мектеп түлектері туралы мәлімет пен олардың портфолиолары Internews-тың халықаралық интерактивті азаматтық журналистер каталогына кіреді.

Қатысуға өтініштер 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

Өтініште талапкер туралы келесі мәлімет болуы шарт:

1. Аты, тегі
2. Мемлекет, қала
3. Электрондық пошта адресі
4. Facebook аккаунты.
5. WhatsApp нөмірі

Өтініштер dzhansagimova@internews.org адресі арқылы қабылданады.

Сабақ онлайн форматта, апталық вебинарлар түрінде өтеді. Басталуы: 2018 жылдың сәуір айы.

Оқу мерзімі: 2018 жылдың сәуір-мамыр айлары.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі