//

Ақпарат министрлігі: алдымен жазалап, сонсоң түсіндіре ме?

921 рет қаралды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров 4 мамырда ng.kz сайты редакциясына және оның иесі «Твой шанс» ЖШС-ға бұзушылықты жою туралы ұйғарым жолдады. «http://www.ng.kz интернет-ресурсқа мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 36-бабы 5-1-пункті бұзылғаны анықталды», – деп жазылған ұйғарымда.

Редакцияға 10 жұмыс күнінің ішінде анықталған бұзушылықты жою керектігі туралы ескертілген. Оны істемеген жағдайда, «ҚР-дың «Байланыс туралы» Заңының 41-1-бабының 1-1-пунктіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында аталмыш интернет-ресурсқа қол жеткізуге шектеу қою туралы ұйғарым шығарылады» – деп ескертілген.

Әңгіме ресурстың меншік иесіне немесе қожайынына қойылатын талаптар туралы болып отыр, атап айтқанда, жарияланым астында өздерінің түсініктемелерін қалдырғысы келетін сайттың пайдаланушылары – өздерінің кім екенін жазып отыру керек.

Редакцияның пікірінше, сайтты заң бойынша жабуға болмайды, себебі сайт түсініктемелер берудің өз Ережелерін жасап шығарған және олардың орындалуын премодерация қадағалайды. Бұдан тыс, «Наша Газета»: «Министрлік өзінің «Электронды ресурстарды пайдаланушыларды тіркеудің кейбір техникалық ерекшеліктерін түсіндіреміз» деген уәдесін орындаған жоқ» – деп санайды. Айта берді, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қаңтар айында Азаттықтың сұрағына жауап бергенде: «интернет-ресурс пен сайтты пайдаланушының арасындағы келісім-шарттың үлгісін өз сайтымызда орналастырамыз» деп сөз берген болатын. Алайда Министрліктің сайтынан ол шартты таба алмадық.

Қазіргі уақытта редакция министрліктен күдерін үзіп, пайдаланушыларды тіркеу механизмдерін өзі жасап шығаруға тырысып жатыр. Бірақ сайттың тұрақты пайдаланушыларының құқын бұзбас үшін оны тестіден өткізу үшін уақыт қажет. Сондықтан «Наша Газета» бас редакторының міндетін атқарушы 15 мамырда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен Комитет төрағасының орынбасары Михаил Комиссаровқа хат жолдап, бұзушылықты түзету уақытын 11 маусымға дейін созуды сұраған. Әзірге жауап келген жоқ.

Айтпақшы, Министрліктің сайтында орналасқан «Ақпараттандыру туралы» Заңда 36-баптың 5-1-пункті мүлдем жоқ.

adilsoz.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар