///

ОТАНДЫҚ БАҚ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1066 рет қаралды

Алматыда «Қазақстан Баспасөз клубының» ұйымдастыруымен қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған он бірінші MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ конференциясы өтті.

Қалыптасқан дәстүрге сай бас редакторлар мен қазақстандық басылымдардың басшылары, сарапшылар, журналистер мен қоғамдық қайраткерлер отандық БАҚ нарығын дамытумен байланысты мәселелердің кең шеңберін талқылады. «Қазақстанның медиа нарығы: жыл сайынғы тексеру  және диагностика» тақырыбына арналған басты панельдік отырыс дәл осы мәселелерге арналды.

Конференцияның «Цифрлік дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» деген басты тақырыбы да кездейсоқ таңдалмаған. Жаппай цифрге көшіп жатқан осы заманда медиа тиімділігін дәл әрі нақты өлшеу БАҚ-тың бизнес-стратегиясына тікелей әсер етеді. Өлшеу  мәселесі MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ аясында тұрақты түрде көтеріліп отыратын тақырып ретінде кәсіби ортаның үлкен қызығушылығын тудырып қана қоймай, нарық ойыншыларына бүкіл салаға әсер ететін бірлескен шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Арнайы панельдік пікірталас соңғы жылдары үлкен маңызға ие болып келе  жатқан қазақ тіліндегі БАҚ-ты дамыту мәселесіне тағы да көңіл аударып отыр. Мемлекет қазақ тілді БАҚ-ты дамытуға елелулі қаржы салып отырғанына қарамастан,  ол әлі де болса нарықтың талабына сай қадам баса алмай отыр. Мәселен, контентті монетизациялау жағы өте бәсең жүруі, көптеген медиа бизнес ретінде жұмыс жасамауы, жарнамаға бөлінетін уақыт пен алаңды сату жағынан маркетингтік стратегиясы болмауы. Осы және өзге де өзекті мәселелер құрылтайға жиналғандардың ашық пікіріне айналды.

Нұртөре ЖҮСІП,

«Айқын» республикалық газетінің Бас редакторы:

-Қаржы саласы, IT — технология және т.б. өмірдің тиімді жаңалықтарына байланысты мәселенің көбі орыс тілінен аударылып, қазақ оқырмандарға ұсынылады.  Бұл үрдіс белгілі бір уақытқа дейін жалғасатын сияқты болып көрінеді. Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген жастардың шоғырлануына байланысты,  бұл тәуелділіктен де арылуға бағыт ұстанып отыр. Бүгінде бірқатар басылымдарда ағылшын, қытай және басқа да шет тілдерін еркін меңгерген журналистер ақпаратты орыс тілінсіз, тікелей төте алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, елімізде журналистердің сапасы өсіп келе жатыр деп айтуға болады.

Гүлназ АБДУӘЛИ,

«Nur.kz» қазақ тілдіндегі редакциясының басшысы:

-Қазіргі таңда «Nur.kz» — IT компания. Біздің компания алғаш рет 2009 жылы «Мой Нұр» әлеуметтік желісі ретінде жұмысын бастады. Қазіргі таңда «Nur.kz» жаңалықтарының 65 %-ы авторлық контент. Біз көптеген бағыттар бойынша жұмыс жасап отырмыз. Қазақ-орыс тілдеріндегі жаңалықтардан бөлек, бірнеше бағыттар бойынша дамудамыз.

Қазақ редакицясы ай сайын-2000, ал орыс редакциясы-5000 материал жариялайды. Ай сайын қазақ редакциясының қаралымы 15 млн. қаралымды көрсетеді.

Абай ОТАР,

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі:

 -Қазіргі уақыттағы Қазақстан журналистикасындағы үш өзгеріске мысал келтірейін. Біріншіден, бізде контенттің сапасы ғана емес, оқырмандарымыздың сапасы да өсіп жатыр. Мәселен, 2000 жылдары «Қызық» газет сияқты басылымдар жақсы оқылатын. Одан кейін, «Жұлдыздар отбасы» секілді журналдардың оқылымы арта түсті. Ал қазіргі уақытта ашылғанына екі жылдай ғана уақыт болған «National geographic Қазақстан» журналының оқырманы артып келе жатыр. Бұдан кейін біздің «Егемен Қазақстанның» бастамасымен   «New York Times» басылымымен  бірге жасаған ортақ жобамызды айта кеткім келеді. Біз «New York Times»-тың танымал, өзекті мақалаларын қазақша аударып, оқырманға ұсынудамыз. Осындай сапалы контенттер көбейіп, оқырмандар да осыларды оқып бастады. Екінші бір өзгеріс, мемлекеттік газеттердің өзгерістерге бейімделуін айтуға болады. Мәселен, газетіміздің форматы өзгерді. Одан бөлек, газетіміздің бір беті толықтай латын тілінде беріліп жатыр. Журналистердің де қатары жастармен толығуда. Үшіншіден, осыдан 4 жыл бұрын «Болашақ» стипендиясымен журналтистерді шет елде оқып келуге рұқсат берген. Сол кезден бастап, бірнеше журналист шет елге барып, оқып алған болатын. Солардың бірқатар легі бізге жұмысқа келуде. Соның нәтижесін көріп жатырмыз.

Осыған дейінгі журналистеріміз  шет тілін білетін болса, қазір батыс медиасының тәсілдерін меңгерген «Болашақ» түлектері біздің деңгейімізді одан әрі көтереді деген ойдамын.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

“Қазақ газеттері”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері