///

Сенатор Ольга Перепечина: 140 миллиард доллар шетелге заңсыз асырылған

1240 рет қаралды

Мамырдың 28-інде Сенат депутаты Ольга Перепечина тек соңғы 20 жылда 140 миллиард долларға жуық қаражаттың шетел асып, офшорға жолданғаны жайында мәселе көтерді. Осы мәселеге орай соңғы бес жылда 238 қылмыстық іс қозғалғанымен, ешқайсысын кері қайтарудың мүмкіндігі болмапты:

«Бізде шетел асқан капитал жайында нақты мәлімет жоқ, себебі бізде оны бақылау мен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ. Tax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметіне сәйкес, соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлы зонаға шығарылған қаржы 140 миллиард доллар екендігі айтылады» дейді сенатор Ольга Перепечина. 

Оның айтуынша, 2015-2019 жылдар аралығында қозғалған 238 қылмыстық істің тек үшеуі ғана сотқа жеткен. 

«Оның 70 пайызы, яғни 170 істің құқық бұзу фактісі анықталмағандықтан тоқтатылған.  Яғни, капиталды сыртқа шығарудың фактісі бар, алайда ұлттық заңнамада бұл құқықбұзушылық саналмайды екен», – дейді Перепечина. 

Оның айтуынша, сотқа жеткен үш істің өзінде ақшаны қайтару мәселесі қарастырылмайды, өйткені Қылмыстық-процессуалдық кодексте ақшаны қайтару туралы міндеттеме жоқ.  

«Ақшаны шетелге заңсыз әкетуге қарсы қазіргі жүйе жетілдірілмеген. Капиталды шетелге заңсыз әкетуді бақылау, экономикалық зерттеу жасаудың жоспары бар ма? Оны қандай орган жасауы керек? Қазіргі ұлттық заңнама шетелге қаржыны заңсыз әкетудің заңдық тетіктерін жасап қойған. Сөйте тұра, егер капиталдың шетке заңсыз шыққаны айқындалса да, оны қайтаруды міндеттеу қарастырылмаған», – деген депутат сауалын  премьер-министр Аскару Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа жолдады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі