/

Фейк неге көп таралады?

438 рет қаралды

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы Коммуникация және ақпарат бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасындағы Латвия Елшілігінің қолдауымен вебинарлар сериясын бастады. Вебинар кәсіби журналистер, Журналистика мамандығының мұғалімдері және Медиа ақпарат сауат саласындағы тренерлерге арналған. 

COVID-19 пандемиясы кезінде әлем жалған ақпараттар нөпірінің астында қалды. Алғашқы вебинар тренері Латвияның Рига қаласындағы Стокгольм экономика мектебінің медиа сауат жөніндегі лекторы Санита Емберга жалған ақпараттардың түрі мен коронавирус пандемиясына қатысты тарап жатқан фейктер  туралы ойымен бөлісті. 

Санитаның айтуынша, фейк ақпараттың үш түрі бар. Дезинформация – әдейі ойластырылған өтірік (ақша жасау мақсатында, саяси тұрғыдан нандыру немесе зиянын тигізу үшін), екіншісі – мисинформация. Бұл әдейі ойластырылған өтірік емес, бірақ адамдар оның жалған екенін білмей, қорыққанынан тарата беруі мүмкін. Қате ақпарат,  junk (әдейі таратылады, көбінесе электронды пошта арқылы, сексуалды сипатта болуы мүмкін). 

Коронавирус пандемиясы кезінде ең көп таралған фейктер: 

  1. Вирус жоқ,
  2. Бұл жай тұмаудан қауіпті емес
  3. Вирус биологиялық қару ретінде үкіметтердің ойлап тапқаны. 
  4. Вирустың емдері: сода, лимон, ағартқыш заттар. 

Жалған ақпараттармен күресу неге қиын? Не үшін фейк ақпарат нөпірінің астында қалдық?

Санита бұның он себебін айтады:

  1. Ресми ақпарат құралына деген сенімнің азаюы 
  2. Әлеуметтік желі дәуірі  (сайтта «әлеуметтік желіні пайдаланушылардың 70% тек тақырыбын ғана оқиды, мәтіннің қалған бөлігі lore ipsum» атты сатиралық мақала жариялаған. Бұл ақпарат 125000 рет бөлісілген)
  3. Адамдар достары мен отбасы мүшелері бөліскен ақпаратқа көбірек сенеді. Жаңалықтар сайтындағы ақпараттардың 61%, жалпы сілтемелердің 59% ашылмайды екен. 
  4. Адамдар коронавирус туралы ақпараттан шаршаған
  5. Дезинформацияның көбі жергілікті топтар мен интернет кеңістіктерде тарайды, өйткені тұрғындар жергілікті ақпарат агенттіктеріне сенеді. 
  6. Telegram, Whatsapp, Instagram секілді жабық қосымшаларда ақпараттар көп тарайды
  7. Ақпарат шын болғанымен, бұрмаланып тарайды
  8. Қарапайым адамдар дезинформаторлар тарапынан болатын агрессиядан именіп, үнсіз жүргенде, конспирологтардың үні жарқын естіле бастады. 
  9. Біз көп нәрсені білмейміз 
  10. Дезинформаторлар визуал мен мемдердің ықпалын түсінеді, әрі оларды жақсы пайдаланады. 

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Алмат Қодасбаев, Алматы Кардиология орталығының директоры: Біздің адамдардың көбінде Қазақстан медицинасы туралы түсінік сонау 90-шы жылдардың деңгейінде қалып қойған

Жүрек қан-тамыры аурулары әлемде ең кең таралған дерттің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл

Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары: Интернеттің жылдамдығы нашар, бұл оқуға кәдімгідей кедергі келтіріп отыр

« – Камераны қос.                                                                                                           – Микрофоныңды өшір.                                                                                                         – Сендер көпсіңдер, мен

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, журналист, «Мінбер» ақпарат агенттігінің бас редакторы: Журналистер демократияның негізі қозғаушы күші

Қызылордадан “Ақмешіт жастары” газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова хабарласып, қазіргі қазақ ақпараты туралы пікірлесуімді өтінді. Сөйтіп, бірнеше