Белгілі тележурналист,талантты жазушы,аудармашы Серік Әбікенұлы Сарыбаев 1972 жылы 3 қыркүйекте Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Журналист. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. 31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. Осы күні ел аузында жүрген «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2013 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Серік Әбікенұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

Соңғы жазбалар
Медимаман, журналист-редактор Жәнібек Нұрыш-Смағұл баспагер Санжар Керімбай мен автор Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабында
Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, академик Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-үйінің ашылғанына 35 жыл толуына
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өткізді. 21 жыл бұрын небәрі 45 секундқа созылған дебютпен басталған
Қазанның 5–6-сінде Женевада БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің (CEDAW) 93-сессиясында Қазақстан делегациясы соңғы жылдардағы
Алматының Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа қалалық кітапхана ашылды. Кітапхана туралы ұсынылған ақпаратқа сәйкес, оның қорында
Асанәлі Әшімов атындағы театрдың мәліметінше, «Томирис» қойылымы «Ертіс-Баян» республикалық театр фестивалінде арнайы жүлде алған. Ал «ТЕАТР
Ресейге жұмыс істеуге барып, кейін Украинадағы соғысқа жіберілетінін мәлімдеген Қазақстан азаматтары биліктен көмек сұрады. Олардың туыстары
«Семей орманы» резерватындағы жағдай өртпен ғана шектелмейді. Minber.kz ресми деректерді салыстырып қарағанда, әр жылдары орманды қалпына
Тапсырыспен жасалатын шабуыл бағасы 30 АҚШ долларынан басталады 2026 жылы DDoS-шабуыл қызметін ұсынатын жаңа топтар саны
Еңбек министрлігі қаңтар айынан бастап мемлекеттік төлемдердің 14 түрін тағайындау тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр. Жаңа жүйеге