Түркістан облысында пневмония жүріп жатыр: әкімдік өкілі түсініктеме берді

1314 рет қаралды

Ауруханаға түскендерден шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына сынама алынады. Оның нәтижесі дайын болғанға дейін олар провизорлық стационарда ем қабылдайды.

Соңғы күндері Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі мен жөтел және әлсіздік байқалады, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына сынама алынады. Ал нәтиже дайын болғанға дейін олар провизорлық стационарда ем қабылдайды.

“Теріс нәтиже шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Негізінен науқастардың басым көпшілігі пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже көрсетуде”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. 87 азамат жазылып шыққан.

Ал Түркістан қаласы бойынша бүгінге дейін 129 адам инфекция жұқтырып, оның 62-cі жазылып шықты. 32 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық індет ошақтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар