///

ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппараттары: Бір өнімді екі өңір 20 миллион теңгенің айырмашылығымен сатып алған

9072 рет қаралды
1
26 миллионға бағаланған savina-300 осы

Zerrteu-Research қоғамдық қорының сарапшылары өкпені жасанды желдету аппараттарының (ИВЛ) пандемия кезінде Қазақстанда қалай сатылып алынғандығы жөнінде зерттеу жасап шықты. Зерттеу қорытындысын “Мінбер” сайтына ұсынып отыр.

Қазақстанның медмекемелері мен Денсаулық сақтау басқармалары коронавирус пандемиясы кезінде 6,2 млрд теңгеге 356 өкпеге ауа жіберу аппараттарын (ИВЛ) сатып алған. Бұл аппараттардың бағасы сипаттамасы мен өндірушілеріне қарай әр түрлі.

 

Қазірге сатып алғандардың ішіндегі ең қымбаты – қытайлық «Mindray» компаниясының өнімі SV300 аппараты. Әр данасы 31 млн теңге. Бұл аппараттарды “Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ сатып алған. 2020 жылғы 29 мамырдағы келісім-шарт бойынша “Медлайн” ЖШС 4 данасын (124 млн теңгеге), ал Маусымның 8-індегі келісім-шарт бойынша “ЛПУ “Авиценна” ЖШС 3 данасын (93 млн теңгеге) алған. Бірақ дәл осы компанияның осы өнімінің 36 данасын Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық клиникалық ауруханасы” 2 сәуірде “Қасиет-Фарм” ЖШС-дан 11,1 млн теңгеге алған (барлығы 399,7 млн теңгеге). Демек, Қарағанды облысы мен Ақмола облысы бір аппаратты екі түрлі бағада сатып алған: арадағы айырма 20 млн теңге, яғни үш есеге жуық.

Ал ең арзан аппаратты Қарағанды облысының медмекемелері сатып алған. 2020 жылдың 14-15 шілдесіндегі “Қасиет-Фарм” ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынша 10 аппарат алынған. Аппараттың бір данасы 9,4 млн теңгеден. «ТС prisma VENT50-C» ӨАЖ аппараттары германиялық «Löwenstein Medical — Weinmann»компаниясының өнімі. Назар аударуға тұратын бір мәселе, кейбір өндірушінің бірдей өнімін әр аймақ әр түрлі бағаға сатып алған. Мысалы, ресейлік «Авента-М» ӨАЖ аппаратын Қарағанды Облыстық клиникалық ауруханасы КМК “ОрдаМед Караганда” ЖШС-дан 13,6 млн теңгеге алса, “Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы” ММ дәл осы аппараттарды  “LabTest Diagnostics” ЖШС-дан 21,4 млн теңгеге сатып алған. Ал қытайлық өндірушінің VG70 аппаратын Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ 12,5 млн теңгеге алса, осы аппаратты «Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы» мен «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» – 18,1 млн теңгеге алған. Швейцариялық HAMILTON-C1 аппаратының да  бағасы екі өңірде екі түрлі. Ақтөбелік медмекемелер бұл аппараттың бір данасын 17 млн теңгеге, ал Шығыс Қазақстан облысының мекемелері 14,7 млн теңгеге сатып алған. Тағы бір ӨАЖ аппаратының сатып алу бағасы төрт түрлі. Германиялық Savina 300 аппаратын павлодарлық мекемелер 17,5 млн, “Семей медицина университеті” КЕАҚ – 24 млн, “Павлодар қаласы әкімінің аппараты” ММ – 25,9, ал “№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы” КМК – 26 млн теңгеге алған. Ал жалпы аппараттарды өндірушілер, маркасы мен Өнім берушілер ұсынған  баға туралы толығырақ:

Аппарат бағасы, әр өңірдің жасаған келісім шарты бойынша

 

Бұл аппараттардың нарықтағы бағасы мен МС порталында сатып алған аппараттардың бағасында айырма бар. Ең қымбаты – «Mindray» компаниясының өнімі SV300 аппаратының бағасы ресейлік www.medpribor.proсайтында 5,7 млн теңгеден басталады (1003030 рубль, 28.07.2020 ж. курспен). Ал ең арзан «ТС prisma VENT50-C» аппаратының осы сайттағы бағасы 2,9 млн теңге. (509 180 рубль). Бұл қазіргі бағасы. Сайттағы мәліметке сүйенсек, бұл аппарат бұрын 4,8 млн теңгеге сатылған (847 660 рубль).

Аймақтардың ішінде ӨАЖ аппараттарын сатып алу бюджеті бойынша Шығыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Бұл аймақ коронавирус пандемиясы кезінде барлығы 57 аппарат сатып алуға 1 млрдтан астам теңге жұмсаған. Барлығы 5 өнім берушімен келісім-шарт жасалған. Олардың ішіндегі ең қымбат аппарат жеткізуші – “Диагаль” ЖШС наурыз айының басында «Семей медицина университеті» КЕАҚ (Коммерциялық емес акционерлік қоғамымен) келісім-шарт жасасып, 96 млн теңгеге 4 аппарат жеткізген. Бір данасы 24 млн теңге. Ал жалпы аймақтар бойынша жұмсалған қаржы көлемі келесідей:

Қай өңірдің қанша аппарат сатып алғаны туралы ақпарат төменде:

Сатып алынған аппарат саны. Аймақтар бойынша

Басында айтқанымыздай, сатып алған аппараттар бағасы өндіруші мен өнімнің сипатына байланысты. Бізде алынған ӨАЖ аппараттарын өндіруші елдер – АҚШ, ҚХР, Швейцария, Германия, Оңтүстік Корея, РФ.

 

Өнім берушілер ішінде ең үлкен сомаға келісім-шарт жасаған “QazMed Leasing” ЖШС. СҚО мен Қостанай облысының медмекемелеріне өнім беруші бұл компания келісім-шарттарының жалпы сомасы – 984,9 млн теңге. Барлығы 52 ӨАЖ аппаратын жеткізуі тиіс. Екінші орында ШҚО медмекемелеріне 47 ӨАЖ аппаратын жеткізу туралы келісім-шарт жасаған “Медико-Инновационные Технологии” ЖШС тұр. Жалпы сомасы 807,4 млн теңге. Барлық өнім берушілер мен келісім-шарт сомасы туралы мәлімет мынадай:

 

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметтер бойынша барлық аймақтың медмекемелері мен Денсаулық сақтау басқармаларының 2020 жылдың наурыз-шілде айлары арасындағы ӨАЖ аппараттарын сатып алу келісімдері туралы ақпарат осындай.

 

 

 Ғалымжан Оразымбет, мәтін

Қуаныш Оңалбаев, визуализация

 Zertteu-Research 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Жолдас Өрісбай: “Қара нәсілді жүргізушіні ақ нәсілді офицер атып өлтірді” АҚШ-тың Миннесота штаты Миннеаполис қаласындағы жайт жаңа бір қақтығысқа негіз болуы мүмкін

“Қара нәсілді жүргізушіні ақ нәсілді офицер атып өлтірді” АҚШ-тағы нәсілдік мәселені тағы да ушықтырған жағдай туралы

Гүлнұр Пасат: Оңтүстік Кореяда адамды бала кезінен еңбектенуге, жауапкершілікке баулиды. Ал бізде “Еңбексіз-ақ ақша табуға болады” деген ниеттегі адамдар көп

Гүлнұр Пасат – Оңтүстік Кореяда медициналық туризм бойынша дәрігер-кеңесші. «Денсаулық Тур» компаниясының негізін қалаушы. Шетелдік азаматтарға

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, журналист, “Жетісу” телеарнасының директоры: Қазіргі журналистика көмейіне шүберек кептелген адамның ыңырануы іспетті

Ақпараттың нөпірі оқырманға оңды-солын танытпай тасып жатқан кезең журналистиканы да бағытынан адастырғандай. Кей жанрын жоғалтқан саланың

Жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды. Сонда Жер комиссиясының пікірі қайда қалады?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының