//

2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр

2191 рет қаралды
фото: www.abai.kz
2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр.
Саяси партиялардың Республикалық бюджеттен әр жылы қаржы алып отыратынын білесіз бе?
Иә, “Саяси партияларды қаржыландыру Ережесіне” сәйкес, Мәжіліске өткен саяси партиялар жыл сайын бюджеттен қаржы алып отырады. Келесі Парламент Мәжілісі сайлауына дейін.
Оның көлемі соңғы сайлауда алған дауыс санына қарай болады. Ережеге сәйкес, соңғы сайлауда алған әр дауысына сол жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінің 3% көлемінде алады. Биылғы Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болса, оның 3% = 1275 теңге.
Сілтемеде 2016 жылғы Парламент Мәжілісі сайлауының қорытындысы бар: https://www.election.gov.kz/kaz/news/messages/index.php…
Сол сайлауда Мәжіліске өткен үш партияның жыл сайын қанша қаржы алып отырғанын есептеп көруді ұсынамыз.
Ескерту: Ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрады. Есептеу кезінде сол жылға бекітілген мөлшерге сүйену керек.
Zerrteu Research Institute
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі