Желтоқсанның 2-сінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе өңірінің журналистеріне арналған тренингтің үшінші күні аяқталды. Қатысушылар статистика агенттігі ұсынған ақпараттарды табу, өңдеу, Google және Yandex арқылы іздеудің артықшылықтары, індете іздеу дегеніміз не, тапқан мәліметтен дата стори жасаудың амалы қандай деген сұрақтарға жауап іздеді. Ақтөбе өңірінің журналистері өз өңірлеріне қатысты датаны іздеп тауып, одан қандай стори жасауға болатындығымен танысты. “Интернетте ұсынылған ақпараттың бәрін дата деу арқылы біз кейде қателікке ұрынамыз. Алайда дата арқылы гипотеза жасауға, оқиға табуға немесе ерекшелікті байқауға болады” дейді медиа тренер, Қазақстандағы Дата журналистика мектебінің негізін қалаушы Асхат Еркімбай. Шараға Ақтөбе өңірінде әртүрлі медиада қызмет етіп жүрген 20 журналист қатысуда. Шара ERG Komek корпоративтік қорының демеушілігімен жүзеге асуда.
Парақшамызға жазылыңызБизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Дата стори іздеудің оңай жолы қандай? (Ақтөбе, үшінші күннің қорытындысы)

Соңғы жазбалар
2013 жылғы «Орфографиялық сөздікте» күздің алғашқы айы «қыргүйек» деп берілген. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшін алғашқы
Ертең Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында
Қазақстан мектептеріндегі тәжірибе жекелеген білім беру ұйымдарының бастамасымен шектелмейді. 2026–2027 оқу жылынан бастап жасанды интеллект жалпы
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Еліміздің ай таңбасындай болған аса көрікті Алматы қаласының бүгіні мен болашағы, келешектегі болмысы кім-кімді де бейжай
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды
Орал қаласының күніне орай Жайық жағасын жетінші рет ат дүбіріне бөлеген «Жайық жүйрігі – 2026» өтті.
