//

АҚШ Қытайдың Шыңжаңдағы әрекетін “геноцид” деп айыптады

1899 рет қаралды
фото: itv

Америка Қытай халық республикасының солтүстік батысындағы Шыңжаңда адамзатқа қарсы, Ұйғыр мұсылмандары және өзге де этникалық әрі діни азшылық өкілдеріне қарсы геноцид әрі қылмыс жасалып жатыр дегенді ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы америкалық CNN басылымындағы Дженнифер Ханслер (Jennifer Hansler) мен Замира Рахимдердің (Zamira Rahim) “US accuses China of ‘genocide’ of Uyghurs and minority groups in Xinjiang”   атты мақаласын “Мінбер” оқырмандары үшін аударып ұсынуды жөн көріп отырмыз. 

«Бұл геноцид жалғасуда, әрі біз ұйғырларды Қытайдың партиялық билігінің жүйелі түрде құртуды мақсат еткенінің куәсі болудамыз» деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помрео (Mike Pompeo) Трамп әкімшілігінің соңғы жұмыс күні болған 19 қаңтарда. «Кем дегенде 2017 жылдың наурыз айынан жергілікті билік Ұйғыр мұсылмандары мен ондағы этникалық қазақ және қырғыз секілді өзге де діни әрі этникалық азшылықтарға қарсы репрессиясын аяқ асты күшейтіп жіберді» дейді ол.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті бұған дейін екі миллионнан астам ұйғырлар мен өзге де Мұсылмандардың аталған аймақтағы арнайы лагерьлерге қамалғаны туралы мәлімдеген болатын.

Қайта тәрбиелеу лагерьлерінде қамауда болған адамдар CNN басылымына берген сұхбатында олардың саяси тыңдаулардан өтіп, тамаққа тоймай, ұйқылары қанбағанын және күшпен екпе салуға мәжбүрлегендерін айтады. CNN мәселені зерттеу барысында Шыңжаңдағы азшылықтың табиғи өсімін шектеу мақсатында кейбір ұйғыр әйелдердің бала тууына тыйым салып, күшпен аборт жасатуға дейін барғанына көз жеткізіп отыр.

Қытай Шыңжаңдағы адам құқықтарына қатысты мұндай бассыздықтардың орын алып жатқанын жоққа шығарады. Олар қайта тәрбиелеу лагерьлері өзіндік жеке мәдениеті қалыптасқан 11 миллион ұйғыр мен өзге де мұсылман әрі түркі тілдес этникалық азшылықтың отаны болып саналатын аймақта діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін маңызды дегенді көлденең тартады.

Қытай мемлекеттік медиасы бұл ситуацияға байланысты «геноцид» сөзін пайдалануға үзілді кесілді қарсы.

Мемлекеттік Департаменттің мәлімдемесі бірден санкция салуға алып келе қоймас, дегенмен Ұйғырлар құқығын қорғау жобасы бағдарламасының аға қызметкері Питер Ирвин бұның АҚШ-қа да, әлемге де күшті символикалық ықпалы бар дегенді айтты.

«Бұндай мәлімдемелердің күші көрсетілген қысымның дәрежесіне қарай айқындалады» деді ол. «Ең жаманы, АҚШ Үкіметі, әсіресе қазіргідей билік ауысып жатқан кезде, бұл мәлімдемелеріне мәз болып қана қалатын секілді, оны арықарай бақылауға алмауы мүмкін».

Вашингтонда орналасқан Ұйғырларға арналған кампания мен ақпараттық үгіт тобы  бұл мәлімдемені әділдікке жасалған қадам ретінде қабылдады. «Осы саясаттан зардап шеккен жәбірленуші ретінде айтарым, әлемдік қауымдастықтың бізді көретін көзі бар екен. Сөйтіп, біздің көріп жатқан сұмдығымыздың шынайы екендігін мойындауы бір мағынаға ие» дейді Ұйғырларға арналған кампанияның директоры Рушан Аббас. «Менің туған апайымның жиырма жылға жаламен сотталуы Қытай режимінің геноцидімен тікелей байланысты. Ол және басқа да Ұйғырлар әділдікке қол жеткізуі тиіс» деді ол.

Колорадо университетінің ғылыми қызметкері және Шыңжаң жөніндегі сарапшысы Даррен Байлер бұл шешімнің соңы ұйғырлардың АҚШ-тан саяси баспана сұрауын күшейтуі, сондай-ақ Бейжіңде 2022 жылы өтуі тиіс қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялау мақсатындағы қысымды күшейтуі мүмкін деген ойда. «Бірақ,  бұның Қытайдағы ұйғырларға берері не?» деді ол. Шыңжаңдағы адам құқығы мәселелеріне бас қатыру АҚШ-тағы қос партияның бас ауруына айналды. Алайда Трамп әкімшілігінің соңғы сағаттарындағы бұл мәлімдеме Байден әкімшілігінің Бейжіңvty арадағы қарым-қатынасын біршама қиындатып жіберді.

Президент болып сайлана салысымен ол Қытайдағы адам құқығының аяққа тапталып жатқаны туралы сөз қозғап, 2019 жылдың Қарашасындағы ұйғыр мұсылмандарының жаппай қамалуын «қазіргі замандағы адам құқығының аяққа тапталуының ең жаман мысалы», «АҚШ бұл мәселеге көз жұмып қарай алмайды, біз бұл қысымға қарсы әрекет жасайтын боламыз әрі әлемдегі адам құқығын үздіксіз қорғаймыз» деп жазды ол өзінің туиттер аккаунтында.

Тамызда Politico басылымына жасаған мәлімдемесінде оның сайлауалды кампаниясының  өкілі Эндрю Бейтс Қытайдың Шыңжаңдағы әрекетін геноцид деп бағалаған. Сейсенбіде Байден әкімшілігінің Мемлекеттік хатшысына үміткер Энтони Блинкен де бұл мәлімдемемен келісетінін айтты.

Помпео өз мәлімдемесінде «АҚШтың келесі Мемлекеттік хатшысына Шыңжаңда болып жатқан айуандықтарды зерттеуді жалғастыруды және қажетті ақпараттар мен дәлелдерді билікке және халықаралық қауымдастыққа заң талап еткен жағдайда ұсынуды тапсырдым» дегенді айтты. Шыңжаңдағы ұйғырлар және өзге де аз топтардың мәселесі халықаралық қауымдастықта кеңінен талқыланып келеді. 2019 жылы шілдеде Жапония, Ұлыбритания секілді 22 мемлекет қол қойған хатта Қытайдан «жаппай қамауды және осыған қатысты жасалып жатқан заң бұзушылықтарды тоқтатуға» әрі БҰҰ сарапшыларын осы мәселені зерттеу үшін аталған аймаққа келуіне рұқсат беруін өтінген болатын.

Желтоқсанда Еуропарламент Қытайдағы жұмысшылардың зорлықпен жұмысқа таңылатыны туралы резолюция қабылдаған болатын.   Британия үкіметі де Бейжіңді кінәлап, осы айдың басында Шыңжаңмен байланысы барын жасырып отырған компанияларға айыппұл салатындығын мәлімдеген.

Жаңа ережелерге сай Ұлыбританияның Сыртқы істері министрлігі Британиядағы барлық компания “Шыңжаңдағы адам құқығының өрескел бұзылуына қатысты ондағы компаниялармен ешқандай байланысқа түспеуі әрі одан қандай да бір пайда көздемеуі тиіс” деген мәлімдеме жасаған.

Осы айдың басында АҚШ та Шыңжаңда өндірілген мақта мата өнімдері мен помидорларды импорттауға тыйым салған болатын.

CNN-нен еркін аударма жасаған Е. Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі