////

Жаңа жылда қандай заңдар күшіне енбек?

1807 рет қаралды
фото: Өскен өңір

 2021 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларция тапсырудың бірінші кезеңі басталады және жаңа салық тәртібі енгізіледі. Болжам бойынша жаңа салық тәртібі шағын және орта бизнеске қолайлы болуы тиіс. Мұғалімдердің айлығы мен зейнетақы көбейіп, әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғайды.

 

Орта және шағын бизнес салығы табыстың 3% мөлшерімен есептеле бастайды

 

10 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Заңға және «Салық және басқа да міндеттер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны белгілі. Осы заңдағы кейбір өзгерістер  1 қаңтарда күшіне енеді.

  Енді елде жаңа арнайы салық режимі (бөлшек салық) пайда болды. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін салық табыстың 3% мөлшерімен есептеле бастайды, ал салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болады. Сонымен бірге жаңа режимді қолданатын кәсіпкерлер айналым көлеміне қарамастан қосылған құн салығын төлемейді, сонымен қатар олар әлеуметтік салық төлеуден босатылады.

Алайда, жаңа салық режиміне өту үшін компаниядағы қызметкер саны 250 адамнан, орташа жылдық табысы 8 миллиард теңгеден аспауы керек. Бұған қоса, барлық саланың кәсіпкерлері бөлшек салыққа ауыса алмайды.  Бөлшек салыққа ауыса алатын салалар тізімін үкімет анықтайды, тізім «Ашық НҚА» сайтында жарияланған болатын. Қазір ол 2021 жылдың 12 қаңтарына дейін созылатын қоғамдық талқылауда.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 302 теңге болды

«2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жаңа Заңға сәйкес, 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңге болып, ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгеге жетті. Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді және 42 500 теңге деңгейінде қалады. Алайда, жаңа жылда әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің жалақысы көбейеді. Сондай-ақ мұғалімдердің жалақысы 25%, зейнетақы 7 пайызға артады. 2021 жылы ең төменгі зейнетақы 43 272 теңгені, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 18 524 теңгені құрайды.

Әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру үрдісі жалғаса береді. 2021 жылдан бастап олар лайықты зейнетке былтырғыдай 59 жарымда емес, 60-жаста шығады.

2021 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға жинақталған зейнетақының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беріледі. Дегенмен, Зейнетақының бір бөлігін өмір сүру жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке меншік басқарушы компаниялардың басқаруына беру үшін ғана алуға болады. «Экономикалық өсу мен  қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Парламент 2020 жылы 23 желтоқсанда қабылдаған болатын.

Декларация

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі басталады. Мемлекеттік орган қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» заңдарымен осыған міндетті болған адамдар өздерінің кірістері туралы есеп береді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап (екінші кезең) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және олардың жұбайларының кірістері жария етіле бастайды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап (үшінші кезең) – заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және олардың жұбайларының басшылары мен құрылтайшыларының кірісі декларацияланады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық басқа қазақстандықтар кірістер туралы есептерді тапсырады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі