///

Алматы облысының Білім басқармасының бастығы ноутбукты кедергісіз қабылдау үшін пара алған

1242 рет қаралды
фото: ratel.kz

Алматы облыстық Білім басқармасының бастығы Майгүл Омарова мен тағы екі шенеунік Т37,65 млн теңгенің парасын алды деп айыпталуда деп жазады “Пятый регион”.

«1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Алматы облыстық прокуратурасының бірлесе өткізген арнайы шұғыл іздестіру шаралары мен құпия тергеу амалдары бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 4  бөлімі (пара алу) бойынша тіркелген №211900131000006 сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша Алматы облысы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Майгүл Омарова, Алматы облыстық «Білім саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми тәжірибелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Менлыбаев Арапби Айдынұлы және Алматы облысы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар және күрделі жөндеу бөлімінің маманы Абдолданова Бақыттарды әшкереледі» делінген хабарламада.

Тергеу амалдары аталған адамдар 2020 жылдың қазан қараша айларында мемлекеттік сатып алулар порталында келісім шарттар жасасу мақсатында «Азим», «Lazer», «LapTop», «LuckCom», «Алмас», «Кыдыралинов» секілді жеке кәсіпкерлерден Т37,65 млн теңге көлемінде пара алған деп есептейді. Бұл кәсіпкерлер бір сатып алушымен келісім шарт жасасу арқылы Т406 млн теңгенің 2522 ноутбугін сатып алған. Бұл ноутбуктер «Жұмыспен қамтудың жол қартасы  2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пандемиямен күрес кезінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында Алматы облысының орта білім беру мекемелерінде қашықтан оқуды қамтамасыз ету үшін сатылып алынған. Олардың сапасына көз жұма қарап, еш кедергісіз қабылдануы үшін аталған кәсіпкерлерден пара алған.

«Іздестіру барысында Т37,45 млн теңгенің көлемінде заттай айғақ табылған. Қалған  Т200 мың теңге Абдолданованың банк карточнасына аударылған» делінеді хабарламада.

zakon.kz сайтының мәлімдеуінше, Омарова, Менлыбаев және Абдолданова  қазір тергеу изоляторында. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің   366 бабының 4 бөлімі бойынша іс қозғалған.

Омарова Алматы облыстық білім басқармасында 2004  жылдан бері істейді. Алғашқы карьерасын  бас маман қызметінен бастаған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі