//

Әйелдердің зейнет жасы өзгере ме?

4773 рет қаралды
1

Наурыздың 10-ында Александр Милютин бастаған Қазақстан Халықтық партиясы фракциясының Мәжілістегі өкілдері  зейнет жасын қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдың мәтінін мына жерден көруге болады:

Александр Милютин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Сурет www.parlam.kz-тен алынды

“Біздің ынтымақтық зейнетақы жүйесіне оралу туралы ұсынысымыз әлемдік тәжірибеге негізделген. Соны негізге ала отырып, бір зейнеткерге төрт жұмыс істейтін адамнан келген кезде бұл жүйе жұмыс істей алады. Қазіргі таңда елімізде 8,7 млн азамат жұмысқа қабілетті екенін ескерсек, бұл зейнетақы алатын адамдардың санынан 4 есе көп.
Екіншіден, сіздің жауабыныз еңбек жағдайларының күрделілігіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы біздің ұсынысымызды ескермеді. Тек ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін қарастырылған мерзімінен бұрын зейнеткерлікке кеншілерге, металлургтерге, өнер адамдарына да қарастырылу керек деп ойлаймыз” делінген онда.

Қазіргі кезде базар жағалап, сауда орындарында еден жуушы болып жүрген үлкен апаларымызды көптеп кездестіреміз. Оның басты себебі зейнет жасының ұзақтығы. Тіпті 50 жастан асқан кісілерге жұмыс табу да қиындық туғызады

Құрылыс саласында 10 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан Зағила апаның айтуынша жұмыс іздеп көп есіктің табалдырығын тоздырыпты.


“Жасым 58-де зейнет жасын қуалап жете алмай келемін. Екі рет операция жасатқанмын, денсаулығыма байланысты тұрақты жұмыс та істей алмай қаламын. Көмек берер ешкім жоқ, жалғыз бастымын. Бұл жұмыс ауыр болса да жанымды бағу керек қой. Әкімшілік бізге көмек бермейді.”
Ажаркүл апа 56 жаста, мектепте еден жуушы: “Денсаулығымыз нашарлап барады. Қалған ғұмырымызда бейнетіміздің зейнетін көргіміз келеді”.
“Иә, үнемі больничныйға шыға берсең жексұрын боласың, ауырсақ та жүреміз, төрт балам бар тым болмаса бала санымен 55-56 да шығарса болады ғой”деп мұңын шақты Сәуле апамыз да.

Клара апа 58 жаста “Менің де төрт балам бар, әлі күнге квартира жалдап тұрып келеміз, еден жуу оңай емес, біздің жасымызда, бұл да қара жұмыс.
Бұл өзекті тақырып әлеуметтік желіде де жиі талкыланып жатады. Әлеуметтік желі белсендісі Сәбит Рысбаев “Бізде еркектердің орташа өмір сүру жасы 67. Әлемдік стандарттарда 81 жас. Мен қатарлылардың 80 пайызының әкесі жоқ. Біздегі орташа өмір сүрумен әйелдер де, еркектер де 53 жасында шығуы керек” дейді өз пікірінде.
Қоғам жанашыры, заңгер Камиша Есмұхамбетова “Зейнетке шығу жасы халықаралық стандартқа сай 55 жас болу керек.Әже болып, немересін бағып, дәстүр сыйлайтын ұрпақ өсіріп, ұрпағына тәрбие сіңіруге уақыт табады. Денсаулықтарына көңіл бөліп, өмір сүру жасы өседі. Қазіргі таңда тастанды бала, керексіз жасөспірімдер қатары көбейіп барады, себебі бала бағатын ата-әже жоқ.

Әлия Әбілсейітқызы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері