///

Белсенділер рәміздердің “Рахат” конфеттерінің логотипі болуына қарсы

2912 рет қаралды
7

 12 наурыз күні Қоғам белсендісі  Құдабай Қаржау ұйымдастырып,  “Желтоқсан 1986”  қозғалысы, “Алаш арландары” қозғалысы, “Тәуелсіз Бақылаушылар” Қоғамдық Бірлестігі және “Көше”  партиясының бір топ белсенділері қолдап Алматы қаласы, Гоголь көшесі 211 үйде орналасқан “Саspian beverage holding” зауытына, кейін жанындағы “Бахус” зауытына кіріп, жер-су аттарын, спирттік өнімдердің тауарлық белгісі ретінде қолданбауын сұрап, өз наразылықтарын білдіруге жиналды. Одан кейін, “Рахат” кондитерлік фабрикасының алдына жиналған қоғам белсенділері, егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздердің  бірі -Туды кондитерлік өнімдердің сыртқы логотипі ретінде шығармауын сұрап, Мемлекеттік рәміздердің   аяқасты болып қоқыста тасталуына жол бермейтіндерін ашық айтты.

Қоғам белсенділерінің наразылығын мұқият тыңдаған «Рахат»АҚ Атқарушы директоры Кинзерский Валерий Викторович «Сіздерді түсінемін! Бізде барлығы заңды. Заңды түрде тіркелген.Сіздердің де пікірлеріңізді құрметтейміз. Сондықтан, бір күнді белгілеп, Сіздермен бас қосып, ақылдасайық. Ұсыныстарыңызды айтыңыздар, біз қолдаймыз»деді.

Назерке Сексенбай, азаматтық журналист

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Өте дұрыс қозғалып отырған мәселе. Мемлекеттік рәміздеріміздің кез келген нәрсеге,атын жазып суретін қоя берген дұрыс емес. Нағыз өзекті мәселені қолға алып жатқан жастарды қолдау міндетіміз.

  2. Өте орынды бастама. ҚР азаматы ретінде мен де рәміздерді азық-түліктерге қолдануға қарсымын.

  3. Өте орынды .менде қарсымын рәміздерді көрінген жерге қолданып жабыстырғанды

  4. Менің көптен ойымда жүрген едң ,осы конфеттердің сыртын орау рәміздіріміздің суретімен дұрыс емес.Қоқыс жәшігінен шашылып ,тапталып жатқаны мүлдем жүрегімді ауыртады.Қолдаймын !

  5. Расымен де рәміздердің суретін қаптамаларға қолдану дұрыс деп санамаймын.

  6. Өте орынды бастама. Нағыз патриоттық сезім! Рәміздеріміз қастерлі жерлерден ғана орын алуы тиіс.

Айгерим жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері