//

Бұл қайдан шыққан иіс?

2229 рет қаралды
2

Талғар ауданы Көктал ауылында соңғы жылдары ластанған өзеннен шыққан сасық иіс ауыл тұрғындарының мазасын қашыруда. Өзеннен шыққан иіс бүкіл бір ауылды тұншықтырып отыр. Кезінде балық аулап, суына ауыл балалары шомылып келген өзенге қазір жақын бару мүмкін емес.

Ауыл тұрғындары жақын маңдағы фермалар өзенге калдық суларын төгіп отырған болу керек дейді. Коронавирустан бұрын осы иіске уланып қаламыз ба деп қорқамыз дейді ауыл тұрғындары.

Осы мәселе бойынша жергілікті әкімшілікке арнайы барып, ауыл әкімімен өзен жағасындағы қалдық су төгілуі мүмкін деген жерлерді аралап көрдік. Ауыл әкімі Нурболат Манабаев “Осы былтыр тағы да иіс шығып, іздеп, жаяу аралап жүріп тауып айып пұл төлетіп, жапқызғанбыз. Енді бұл істі де қолға аламыз. Арнайы жұмыс тобын құрып,қай жерден шығып жатқанын анықтаймыз деді. Бүгін Көктал ауылына арнайы келген аудан әкімі Қайдар Әбдіханов та ауыл тұрғындарымен бірге өзен басын аралап көрді. Бұл мәселе бойынша дереу шара қолдану керектігін қатаң ескертіп, ауыл әкіміне тапсырма берді.

Әлия Әбілсейітқызы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бұл сасық иіс жайлы мәселені Талғар ауданы әкімі Хайдар Әлиханұлы шешіп береді деп сенеді Айғаным, Көктал, Ай-Абылай, Қызыл ту 4, Еркін, Нұрлы дала тұрғындары.

  2. Ассалаумагалейкум,табигатты тазалап,ластагандарды жазалап,ауылга жарык,газдын жылуы болса,когамдык автобус журип,аким созинде турса?,Нур устине нур еди агайын

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым