////

Қашанға дейін пәтер жалдап жүреміз? Ашынған аналар Шымкент әкімдігіне баратын жолды жауып тастады

3701 рет қаралды

26 сәуір күні  Шымкентте оннан аса көп балалы аналар қала әкімдігінің жанындағы барлық жолды жауып түрып, «Әкімдіктен үй мәселесін тезірек шешіп беруін» талап етті. Наразылардың ішінде мүгедек баласы бар әйелдер де болды. Олар да мемлекеттен берілетін баспананың кешігіп жатқанын айтты. «Қашанға дейін пәтер жалдап жүреміз?» деп  жан айқайын жеткізді көп балалы аналар.

Бұған  дейін, 2021 жылдың 29  наурызында  аналар талап қойып шыққанында, Қалалық тұрғын үй басқармасының өкілі Жұлдызай Ордабекова  «көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен берілетін үйдің кешігіп жатқанын» растаған болатын. Басқарманың мәліметінше, Шымкентте 7 мың көп балалы отбасы және 14 мыңнан аса әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы тегін үй кезегінде тұр. Жалпы қалада үй кезегінде тұрған тұрғындар саны 43 мыңнан асады екен.

Айта кетейік, әлеуметтік салаға назар аударуларын, оның ішінде баспана сұрап талап етуші көп балалы аналар соңғы жылдары Қазақстаннын көптеген қалаларында бас көтеруде. Наразы аналардың көбі «баспананың шын мұқтаж жандарға емес, тамыр-таныс арқылы берілетінін» айтып,шағымдануда. Шымкентте бұл үрдіс әр айдың аяғында қайталанып тұрады екен. Аналар әкімдікке наразылығын білдіріп, екі-үш сағат тұрған соң, ың шыңсыз тарап кетеді.

Назерке Сексенбайқызы

Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар