///

Алматыда сатиралық instagram парақша әкімгерін тергеуге алды

4357 рет қаралды

15 мамыр күні Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі Темірлан Еңсебек есімді Qaznews24 сатиралық instagram парақшасының әкімгерінің үйінде іздестіру жүргізілді.

Темірланның әйелінің айтуы бойынша, белсендіге 3 АЕК-ке дейін немесе 3 жылға дейін шектеу\бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР қылмыстық  кодексінің 274 бабы бойынша «Көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тақпақшы. Парақша әкімгерін Алматы полиция Департаментіне алып кеткен.

Qaznews24 2021 жылдың наурыз айында ашылған. Аккаунт сипаттамасында «Әзілмен жазылған жалған ақпарат» деп жазылған болатын. Парақшада оқиғалар сатирамен жарияланған. Осы арқылы әкімгер өз азаматтық позициясын білдірді. Қазіргі уақытта «инстаграм» парақша өшірілген. Алайда instagram желісінде осы бағыттағы жазбалармен бөлісетін медиа, парақшалар көп.

Oyan, Qazaqstan белсенділері, тәуелсіз БАҚ өкілдері және журналистер Темірлан Еңсебектің үйіне барып, Алматы полиция Департаменті алдына да шығып қолдау білдірген. Олардың қолынан «Сатира – қылмыс емес» «Темірланға бостандық» «Тима, біз сенімен біргеміз» «Темірланнан қолдарыңды тартыңдар» деген  плакаттарды байқауға болады.

Темірлан Еңсебекті 15 мамыр күні 5 сағаттық тергеуден кейін үйге босатты. Оқиға орнында болған тілшілер мен активистердің желіге жүктеген видеолары бойынша парақша әкімгері былай деді:

«Парақшада «Барлық кейіпкерлер мен оқиғалардың шынайы жәйттермен сәйкестігі кездейсоқ жағдай» деп жазылған болатын. Бұл – шынайы жаңалық емес, сатиралық контент. Мен қылмыскер, айыпталушы болып санала алмаймын. Өйткені, ҚР қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес тағылған айып «Көрінеу жалған ақпарат тарату. Мен көрінеу жалған ақпарат таратқан емеспін. Үйімде іздестіру өткізу туралы бұйрық  Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотынан түскен. Тергеуде болған толық мәліметті айта алмаймын»

Белсендінің әйелі достарымен хат алмасу барысында өзіне «Елбасын қорлағаны үшін» іс жүргізіледі деген күдікте болған. Белсендінің ісіне қатысты полициядан ресми ақапарат берілген жоқ.

Ажар Туралиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар