///

Дебат болмайды. Депутат подкастқа шақырту алды ма?

4372 рет қаралды

27 сәуір күні «Жұрттың баласы» ретінде танымал Мұрат Данияр есімді блогер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметовті дебатқа шақырды. Бұл туралы бұған дейін “Мінбер” сайтында айтылған болатын.

10 мамыр күні Мұрат Данияр өз instagram парақшасында Мәди Ахметовтің Нұрсұлтан Құрманмен подкастынан  кейін ешқандай дебат болмайтынын түсінгені туралы жазбамен бөлісті:

«Жас депутат жүйелі адам болып шықты. Мәди Ахметов мені Парламенттегі өз кабинетінде күтіп алуға дайын екенін айтты. Ол үшін сайт арқылы өтініш тастауым керек екен. Нұрсұлтан Құрман депутатқа менімен кофеханада кездесіп, бітімге келуді ұсынды. Бірақ мен Мәдимен жанжалдамыз деп ойламаймын. Менің депутатқа қойып, жауап алғым келіп жүрген сұрақтарым бар. Пікір таластырудың жолы түспесе, Нұрсұлтан Құрманмен подкаст жазуға шақырамын».

Депутат өз кезегінде оқиғаға нүкте қойылғанын айтты:

«Барып айтысудың орнына жеке кездесіп, пікір алмасқанды жөн көрдім. Мұратқа осы ойымды жеткіздім. Жасалатанын жұмыс аз емес, оны жоққа шығармаймын. Мәселені сөзбен емес, іспен шешу керек деген ойдамын. Ең бастысы бітімге келдік»

Блогердің әлеуметтік желілердегі жазбаларында «Дебат болмайтыны қалай?» «Сіздердің  қарым-қатынастарыңызға өзімдікінен қаттырақ алаңдаймын…» «Расында, подкаст дұрысырақ» «Білген едім, олар ережеге қарсы ойнайды» деген пікірлер жазылған.

Мұрат Данияр дебатқа шақырған уақытында (7-8 мамыр) Нұр-Сұлтан қаласында болған. Қазіргі уақытта Алматы қаласында. Соған қарағанда подкаст та жазылмайды деген болжам жасауға болады.

Ажар Туралиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі