//

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы нені білу керек?

3253 рет қаралды
фото: Хабар24

Кез- келген адам ертелі кеш «дамылсыз мотор» сияқты қызмет ете алмайды. Бүгін болмаса, ертең денсаулығы сыр береді. Яғни аурухана есігін қағатыны мәлім. Сондықтан бүгін де мемлекет кезең-кезеңімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру яғни МӘМС жүйесін енгізуде. Жалпы МӘМС қандай жүйе? Қалай жұмыс істейді? Қандай қызмет түрлерін ұсынады?

Жалпы МӘМС жүйесі жайлы Мінбер тілшісіне Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалы,медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, дәрігер Майра Айтуарқызы ақпарат берді.

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.

Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.

Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес оған келесі қызметтер кіреді:

– Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиацияны, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың  нашарлауына алып келетін аурулар кезінде ұтқыр бригаданың қызметтерін қоса алғанда).

– Емханаларда қызмет көрсету (кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер).

– Диагностика және емдеу:

әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, АИТВ және т. б.)

созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.).

– Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек (оның ішінде айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды оқшаулау кезінде).

– Мамандандырылған көмек көрсету кезінде, сондай-ақ қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.

ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес МӘМС пакетіне келесі медициналық қызметтер кіреді:

Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:

1) профилактикалық медициналық тексерулер;

2) бейінді дәрігерлердің учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауы мен консультациясы;

3) бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ).

мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу);

Медициналық оңалту. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Амбулаториялық жағдайларда белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Қарапайым тілмен айтқанда,төленетін жарна мөлшеріне қарамастан кез келген медициналық көмек түрі қолжетімді ,оған қымбат тұратын операциялар,птр,көрсеткіш бойынша қымбат дәрі дәрмектер де кіреді. 15 жеңілдік тобына жататын азаматтар жарна төлеуден босатылған» дейді Майра ханым.

Арайлым Нұржанқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері