///

Алматы облысы, Райымбек ауданында жүкті әйелдер УЗИ диагностикасы үшін 300 шақырым жерге, Алматыға келуге мәжбүр. Өйткені скрининг маманы жоқ

4445 рет қаралды

Алматы облысы, Райымбек ауданында жүкті әйелдер УЗИ диагностикасы үшін, 300 шақырым жерге, қалаға келуге мәжбүр.

Атын атамауды өтінген хат иесі “Аптап ыстықтағы жол азабын былай қойғанда, карантин кезінде қалаға УЗИ үшін келеміз. Үшінші баламды босанайын деп отырмын. Үшеуіне де УЗИ үшін осы жерге жіберді. Алдында ақылы болатын. Биыл тегін өттік. Қыста жол тайғақ, жазда ыстық. Өзіміз әрең жүргенде қиналамыз, жолдан” деп мұңын шақты хат иесі.
Бұл мәселеге Алматы облысы Райымбек аудандық ауруханасының баспасөз хатшысы Ж. А. Аденова жауап берді. “Райымбек аудандық ауруханада 5 УЗИ аппараты жұмыс істейді. 1 УЗИ кабинеті, әйелдер қабылдау бөлмесінде, алғашқы қабылдау бөлімінде. 2 портативный УЗИ аппараттары Райымбек ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Ал бұл жердегі мәселе бойынша, жүкті әйелдер 3 скрининг тексеруден өтеді. Бірінші кезеңін ауылдық дәрігерлер өткізеді, ал 2-3 кезеңдерінде (20-30 апта) “Альта” медициналық орталығында өткізеді. Біздің ауруханада скрининг маманы жоқ. Ауруханадан жолдау қағазымен тегін өтеді. Бұл жерде баланың дамуын егжей-тегжейлі тексереді.

Әлия Әбілсейітқызы,

Алматы облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі