///

«Баланың арқасына 6 кірпіш қойып, аузына құм құяды»: Сарқан қаласында асыранды балаларға қорлық көрсетіп келген

3182 рет қаралды

17- тамыз күні @taldykorganec Телеграм арнасында жарияланған видео қоғамдық резонанс тудырды. Видео авторының сөзіне сенсек Сарқан қаласының тұрғындары  асырап алған жасөспірімдерге қорлық көрсетіп келген.

«Біздің жазылушылардың айтуынша, бұл 10 жастағы бала (видеода) үнемі қорқытудың салдарынан өспей қалған. Бұл үй бұған дейін балалар үйінде тәрбиеленген  төрт баланы  асырап алған. Алайда, ол балаларға қолдау көрсеткеннің орнына, соққыға жығылып, қорланумен келеді. Күн сайын аптап ыстықта баланың арқасына шамамен 6 кірпіш қойылады, ал баланың аузына құм құйылады. Көршілер араша түсуге тырысып, талай рет полиция шақырған. Қазір балаларды қорлау жабық есіктің артында әлі де жалғасып келеді. Күн сайын көршілер балалардың айқайы мен жылағандарын естіп келген. Видеодағы ер адам осы балаларды асырап алған әйелдің ұлы» -делінген видеоға қатысты жазбада.

Бұл ақпарат бейжай қалдырмаған  Мінбер сайтының тілшісі Алматы облысы, Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысына хабарласты.

«Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (Әрі қарай – Комиссия) 2021 жылдың 17 тамызында әлеуметтік желіге шыққан Сарқан ауданының балаларына қатысты құқықбұзушылық туралы төмендегідей жауап береді:

Кәмелеттік жасқа толмаған 2003, 2007, 2012 және 2014 жылы туған балалар 2020 жылдың 24 маусымынан бастап ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 122-бабына сәйкес, туған анасының жазбаша келісімімен, Сарқан ауданының білім бөлімі басшысының бұйрығына сәйкес Азаматша А-ның қамқорлығына берілді.

Биыл тамыз айында кәмелетке толмаған балалардың қамқоршысы Азаматша А. Талдықорған қаласына іс-сапарда болған уақытында, Азаматша А-ның туған баласы кәмелетке толмаған Азамат Р. кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ұрып соққаны анықталды.

Осыған орай, комиссия мүшелерінен жедел топ құрылып, тұрмыстық жағдайы тексерілген. Алайда, азаматша А-ның тұрғылықты мекен-жайында болмауына байланысты, тиісті шаралар уақытылы қолданылмады. Аталған оқиға Комиссияның қатаң бақылауында, 17 тамыз күні, сағат 17:00-де Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді.  Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды Алматы облысының «Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесіне уақытша орналастыру туралы комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды. Құқық қорғау органдарының тарапынан тергеп тексеру амалдары жүргізілуде» деді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Қайратұлы.

Ресми ақпарат алған соң Мінбер сайтының тілшісі Алматы облысы Полиция Департаментіне хабарласты.

«Биыл 11 тамызда Сарқан аудандық полиция бөліміне Алматы облысы Сарқан қаласының жеке үйлерінің бірінде жас баланы қорлау фактісі туралы ақпарат келіп түсті. Аталған ақпарат ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (“кәмелетке толмаған адамды көрінеу қинау”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шеккен 9 жастағы бала 7, 14 жастағы ағаларымен бірге 2020 жылы Ч. есімді ерлі-зайыптылардың қамқорлығына алынғаны анықталды.

Тергеу барысында қамқоршылардың 17 жасар ұлы физикалық азап шектіргенін көрсетті. Сонымен қатар, қамқоршыларға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға берілді. 17.08.2021 жылы осы комиссияның отырысы өтті, оның шешімі бойынша ерлі-зайыптылар қамқорлықтан айырылды және аталған үш бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы облысы ПД басшылығының бақылауына алынды.» деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мінбер ұжымы Сарқан қаласында қорлық көрген балалардың ісін үнемі бақылауда ұстайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі