///

Ескелді ауданының тұрғындары: «Құс фермасынан шыққан сасық иіске тұншықтық»

2587 рет қаралды

  Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғындары Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы жан айқайларын жеткізіп жатыр.

«Қарабұлақ ауылындағы тауық фермасы осыдан екі жыл бұрын бой көтерді. Қазір сасық иістен өмір сүру мүмкін емес. Жайылған киім де, ойнаған бала да иістің шырмауына кетіп жатыр. Ылғи ауыра береміз, денсаулығымыз да осы иістің кесірінен кетіп барады. Біздің жан айқайымызды ешкім тыңдап жатқан жоқ. Ферма басшылығы біздің сөзімізді тыңдап та жатқан жоқ. Сондықтан ел естісін, басшылық көмек берсін деп видеожолдау түсіріп жатырмыз. » дейді видео авторы.

https://www.facebook.com/100007421653908/videos/1615935241934872/

Мән-жайды білу үшін Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысына хабарластық.

«Иә шынымен де бұл мәселе бізде, яғни аудан орталығында орын алды. Бұл мәселе бойынша біз арнайы органдармен бірге тұрғындармен кездесу өткіздік. Қазіргі таңда аудандық СЭББ бұл мәселені қолға алды. Тұрғындардан арыз-шағымдар да түсіп жатыр. Ара қашықтық сақталған ба, сақталмаған ба барлығы тексеріліп жатыр. Құс фермасы  ғимаратының маңайынан иіс шығып жатқан жерді де таптық. Ферма  иесі арнайы көлік  жалдап, иіс шығып тұрған аумақты тазалап қойды. Тазалық шаралары біткен соң ветеринария мамандары барып арнайы химиялық қоспамен жаңағы жерді тағы бір мәрте тазалады. Алдағы уақытта дәл осындай жағдай орын  алмауын тауық құс фермасының директорына тапсырды» дейді Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметінің бастығы Азат Жұмаханов.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі