///

Медианың негізгі машықтары мектебіне өтініш қабылдау басталды

1456 рет қаралды
1

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Internews Kazakhstan қолдауымен «Журналистиканың базалық машықтары» мектебін өткізуді жоспарлап отыр. Шара қазақ-орыс тілдерінде өтеді. Тренингке журналистиканы енді бастап жүрген жас журналистер, студенттер, азаматтық журналистер қатыса алады. Әуелі таңдаулы медиа мамандар қатысушыларға медианың алғашқы мағлұматтары мен базалық білімі жөнінде бір апта бойы тренинг өткізеді. Сонымен қатар, медианың әлем таныған жұлдыздарының шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ. Мұндай маңызды шарадан құр қалғыңыз келмесе, төмендегі Google form-ды толтырыңыз. Тренинг 2021 жылдың 6-11 қыркүйегі күндері өтеді. Ал қазан айында тәжірибелі менторлар тренингтен алған теориялық білімдеріңізді практикада жүзеге асыруға бір ай бойы көмектеседі. Орын саны шектеулі. Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Медианың негізгі машықтары мектебіне қатысушылар анықталды – Мінбер – Ақпарат агенттігі жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Жолдас Өрісбай, жарияланбаған сұхбат: Қазақстанда нарықтың еркін экономикалық негізде дамымай жатқандығы сөз бостандығын тежеуде

Америкада Мичиган мемлекеттік университетінің Журналистика мамандығының магистратурасын бітірген медиа маман Жолдас Өрісбай үнемі өз ойын фейсбук

Фишинг дегеніміз не?

Фишинг (Phishing) дегеніміз интернет арқылы жасалатын шабуылдардың бірі. Бұл шабуыл көбінде электронды пошта арқылы жасалады. Ондағы