//

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қаза болғандардың саны 14-ке жетті

644 рет қаралды
фото: Тенгриньюс

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс пен өрт орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы 29 тамыз күні Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Мәйітті қорғаныс министрлігінің саперлері тапқан, қазір оның кім екені анықталып жатыр делінген хабарламада.

Қоймадағы жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар осымен 14 адамға жетіп отыр. Олардың арасында Олардың арасында төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің және әскериленген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Үш адамның кім екені әлі анықталмады. Бұдан бөлек, екі адам хабар-ошарсыз кеткен.

“Жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр” делінген төтенше жағдай министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Апат 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімінде болған. Қоймадағы оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. Салдарынан 98 адам жарақат алған. Олардың бәрі қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Тұрғындар арасында жарақаттандар жоқ дейді жергілікті билік.

Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды. Осы күнге дейін олардың бәрі үйіне оралған.

Жергілікті биліктің сөзінше, апат салдарынан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық объект, үш мектеп бүлінген. Билік үйлердің екі ай ішінде қалпына келтіруге уәде берді.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Министрлік 10 жарылыс болғанын, әскери қоймада Арыс қаласындағы қоймадан әкелінген оқ-дәрілер болғанын растады. 2019 жылы Арыстағы әскери қоймада да осыған ұқсас жарылыс болып, салдарынан төрт адам қаза тапқан.

“Азаттық” радиосы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,