////

Әйелдердің зейнет жасы төмендей ме? Бір топ белсенді жаңа қозғалыс құрды

4391 рет қаралды
1

«Пандемия басталғанда 60 жастан асқандар тәуекел тобындағылар қатарына енді. Алайда оларды  еңбек етуге жарамды деп таниды» деп Facebook кеңістігінде әйелдер өз наразылықтарын танытып отыр.

Minber.kz азаматтық журналисіне маусым айында бір топ белсенділердің көшбасшысы Бигарстанова Майкен Ертаевна көмек сұрап хабарласты. Оның айтуынша, бірнеше әйел қосылып, көздегені бір – әйелдердің зейнетке шығу жасын азайту болғандықтан, бірігіпті.

Әуел бастан Facebook желісінде «Қазақстан әйелдерінің зейнет жасын 58 жасқа дейін азайту қозғалысы» атты тобы құрылыпты. Сонымен қатар WhatsApp ұялы қосымшасында да бірқатар топтары бар екен.

Топ қатысушыларының сөзінше, осы мәселені қозғағаннан бері, біраз инстанцияларға жолыққан-ды: Нұр Отан партиясы, Қазақстан Халық Партиясы, тіпті Президенттің өзіне де арналып видео жазылыпты, Елбасы атына хат жолданыпты. Әйтсе де бүкіл Қазақстанның аймақтарынан бірқатар әйелді толғандырып отырған мәселе өз шешімін табады деген мақсатпен бұл белсенділер күнделікті талқылаулар мен іс-әрекет етуден таймай келеді. Қандай болсын мүмкіндік туса, соған ілінеді.

Мәселен, маусымның 29-ы күні осы мәселе бойынша «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Смайлов Ерлан Валерийұлы және «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Смирнова Ирина Владимировнамен партия кеңсесінде кездесу өтті. Кездесу барысында Майкен ханым біраз бұқаралық ақпарат құралдарына жолығып, осы қозғалыс тақырыбы бойынша ақпаратты таратуға жәрдем сұрағанын айтты. Соның ішінде: КТК, Евразия 1 телеарналары, Радио Азаттық, тағы да басқалары. Сол уақыт ішінде қызығушылық білдіріп, біз туралы қазақстандық адвокат Жангелді Сүйлейменов, Азаттық рухы жазыпты.

Ерлан Валерийұлы Майкен ханымның баяндаған мұңына партияның келіп отырған белсенділердің пікірімен ортақ екенін, қолдау көрсететінін білдірді. Сонымен қатар депутат әйелдердің, мүгедектігі бар жандардың, ауыр және зиянды, қауіпті жұмыстағылардың зейнетке шығу жасын азайту мәселесі партия бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екенін және де бұл мәселе кешенді шешімді қажет ететінін айтты. Сондықтан бұл сұрақ тек талқылау деңгейінде қалмауы үшін керекті аргументтер дайындап, жалпы зейнетақымен қамтамасыз ету механизмі қайта қаралуы керек, өйткені қазіргі ұсынылып отырған аннуитет бойынша іске асырылатын механизм адамдардың талаптарына сай емес екенін де атап өтті.

«2020 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, 50-54 жастағы әйелдер саны 527722, ал 55-59 жастағылар саны 547412 екен, және де 60-64 жастағы әйелдер саны 452814. Яғни біздің талқылауға қатысты жас аралығындағылар саны шамамен 1,5 млн әйел деп санауға болады», – деді. Депутаттардың шақыруында зейнетақы, мүгедектік бойынша жәрдемақыны, балалар жәрдемақысын арттыру ұсынылыпты. Оның айтуынша, әлеуметтік мәселелер шешілерде, мемлекетіміздің басты капиталы – адам деген көзқараспен қарау керек. Инвестициялар жасауда адамдарға бала кезінен, тіпті құрсақтан, баланы жоспарлаудан бастап, ана мен бала денсаулығын қорғау басымдық болуы керек.

Қазақстан Халық Партиясының депутаты зейнетке шығу жасын азайтудан мемлекет мультипликативті эффект алатыны, керісінше пайдасы тиетінін түсіндірді.

Сонымен қатар белсенділер еліміздегі парламентаризм түсінігін, жалпы демократияны дамытуға зор үлес қосып жүрген белгілі тұлға Зәуреш Батталоваға жолығыпты. Зәуреш Қабылбекқызы өз кезегінде бұл әйелдердің көтеріп отырған мәселесін қолдап, белсенділерге онлайн форматта бірқатар жиындар өткізуді ұсынып, қазірге дейін іске асырып келеді. Онлайн жиналыстарда жоспар құрылып, нақты іс-шаралар тізімі талқыланып, бекітіледі. Тура солай жиналғандар арасынан жұмыс тобы құрылып, әр әрекет осы және басқа да топтардың келісуі арқылы жүзеге асырылатын көрінеді.

Мақсаттарына жету жолында әйелдер тек онлайн белсенділік танытпай, шілденің 17-сінде өз талаптарын естіртуді көздеп, елорда әкімдігі ғимаратының алдына шықты. «Ақ жаулық пен қамзол киіп шықтық. Бұл – ана, әжелердің нышаны. Тіпті өзіміздің әнұранымыз бен таным белгіміз бар»,- дейді Майкен ханым.

«Осы жолы қарттар күніне орай бейбіт митинг өткізуге өтініш жолдап едік, келісім берілген жоқ»,- деп хабарлайды Майкен ханым.

Қозғалыс қатысушылары Facebook желісінде жасалынып жатқан істері туралы күнделікті бөлісіп отырады. Сондағы топтың посттарына сенсек, бүгінгі күнге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Нұр-Отан партиясына хаттар жолданыпты. Бұл әрекеттер де өз нәтижесін берген-ді: депутаттар зейнет жасын азайту мәселесі министрлік қарамағындағы жұмыс тобында, ҚР Мәжілісінде талқыланатынына сенімді.

Сонымен қатар, айта кететін жайт, белсенділер тобы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Н. Шапкенов мырзамен, вице-министр Сарбасов А.А. мырзамен ZOOM платформасында кездесуге қатысыпты. Нәтижесінде топтың үш мүшесі министрлік қарамағындағы жұмыс тобына кіргізілді.

Осы жылдың шілдесінде қозғалыс аясында зейнетке шығу жасын азайту ұранымен петиция да басталыпты. Әзірше оған қол қайған адам саны 10000-нан асатын көрінеді. Майкен ханымның мәліметінше, қазіргі уақытта қозғалысты қолдаған қатысушылар саны 5000-ға жуық. Telegram тобында 1500 әйел адам, WhatsApp топтарында 500-ден аса қатысушы бар. Топтардың құрамы бұл сандармен шектелмей, күнделікті ұлғайып отыр. Тек жергілікті отандастар ғана емес, сонымен бірге шетелдегі қандастарымыз да қолдау көрсетіп отыр екен.

Жанар Байтілес

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері