/

Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды

1293 рет қаралды

Ақорданың ресми сайтында  “Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды”,- делінген.  

Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбек КСР, Нүкісте дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік- құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.

1981-1985 жылдары – “Алматыөңдеуқұрылыс” тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында құрылыс жұмысын жүргізуші, бас инженер, басшы;

1985-1987 жылдары – Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы; Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы;

Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;

1987-1989 жылдары құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы;

1989-1991 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман;

1991-1992 жылдары ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті;

1992 жылы “Құрылыс индустриясы және технология” концернінің вице-президенті; 1992-1994 жылдары Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары;

1994-1995 жылдары Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі; 1995-2001 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;

2001-2008 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2008 – 2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың 20 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысын басқарды. Ол “Құрмет” орденімен, “Астана медалімен және “Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталған.

Ал Алматы облысының жаңа әкімі қызметіне Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

2000-2001 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болған.

2001-2007 жылдар аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2007-2009 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

2009-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

2013-2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар