////

Сүйінші! “Мінбер” биыл да азаматтық журналистермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды

5702 рет қаралды

«Мінбер» ақпарат агенттігі 2022 жылға «Азаматтық журналистер» желісін құруға гранттар байқауының грант қолдауына ие болғаны туралы қуана хабарлайды!

Қараша айында Internews Kazakhstan «Азаматтық журналистер» жобасына қатысуға арналған іріктеу байқауын жариялаған болатын

«Мінбер» ақпарат агенттігі азаматтық журналистермен жұмыс істеп келе жатқан азғана ақпарат құралының бірі десек болады. Біз 2021 жылы да «Азаматтық журналистер» жобасына медиа-серіктес ретінде қатысу арқылы азаматтық журналистерді тәрбиелеу және дайындауда мол тәжірибе жинадық. Сол себептен 2022 жылғы жобаға қатысу туралы шешім қабылдадық.

Өйткені, біз дайындаған азаматтық журналистер 2021 жылы коронавирус пандемиясы өршіген тұста ауыл-ауылдардағы ахуалды шынайы түрде жеткізуге тырысып бақты. Мемлекеттік басылымдар дәрі-дәрмектің тапшылығын, коронавирустан зардап шегіп жатқандардың шынайы үнін жасыруға тырысып жатқанда, дәріханаларды аралап, әлеуметтік желідегі жан айқайларды тыңдап, олардың үнін жоғарыға жеткізуге тырысты. Өңірлердегі азаматтық журналистер пандемия кезіндегі өз аймақтарындағы ахуал, вакцинация қалай өтіп жатқаны жайында, сонымен бірге пандемиядан кейінгі адамдардың физикалық және психикалық денсаулығы, жай-күйі туралы материалдарды боямасыз беруге тырысты.

Біз 2021 жылы жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 8 азаматтық журналисті жұмылдыра білдік. Жоба қорытындысы бойынша 2 азаматтық журналист агенттіктің авторы болып жұмыстануда. 1 азаматтық журналист жергілікті БАҚ штаттық қызметкер болып жұмысқа орналасты.

2021 жылы біздің азаматтық журналистер өңірлердегі әлеуметтік маңызды, жергілікті тұрғындар үшін өзекті мәселелерді көтерді, олардың шешілуіне мұрындық болды. Біз көтерген мәселелердің ішінде:

  • карантин талаптары жағдайындағы заңсыз айыппұл салу;
  • ауылдардағы бірнеше жылдан шешілмей жүрген жол мәселесі;
  • пандемия кезіндегі ауылдық жерлердегі интернет мәселесі;
  • пандемия кезіндегі білім беру саласы және осыған байланысты саладағы өзгерістер;
  • әйелдердің зейнет жасын ұлғайту;
  • көп балалы аналардың мәселелері;
  • жер мәселесі, қытайдағы жазықсыз сотталған қазақтардың жағдайы, вакцина алуға қарсылық митингтері;
  • азық-түлік бағасының күрт өсуі;
  • пандемия кезіндегі реалияға бейімделіп жаңа кәсіп бастаған, сөйтіп басқа адамдарға да табыс көзін ұсынған адамдар;
  • бюджеттік мекемедегі қызметкерлердің, дәрігерлердің жалақысы;
  • шекарада туындаған даулы мәселе,;
  • ауыл шаруашылығының ахуалы;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық;
  • қоғамдық қатысу;
  • бюджет қаржысы және оның мақсатты / мақсатсыз шығындалуы;
  • мүмкіндігі шектеулі жандардың жанайқайы;
  • ауылдардағы жайылым мәселесі;
  • медиасауат, мәдениет және өнер саласы

сияқты тақырыптар кеңінен қамтылды. Сонымен қоса, басқа бұқаралық ақпарат құралдары көтермеген мәселелер де болды, мысалы: мүгедектігі бар балалардың аналарының Нұр-Сұлтан әкімдігіне қойған талаптары және әйелдердің зейнет жасы. Біз жариялаған мәселелер ауыл, аудан көлемінде қоғамдық резонанс тудырған және жергілікті атқарушы органдардың назарын аударған жағдайлар да болды.

Біз биыл да «Азаматтық журналистер» желісін құру жобасына қатысу арқылы мүмкіндігінше Қазақстанның барлық өңірлерін қамти отырып, шынайы ақпарат таратуға ат салысқымыз келеді. Осы мақсатта азаматтық журналистер аясын кеңейту арқылы өңірлерден таңдалған журналистерді тәрбиелеп, әлеуметтік проблемаларды шынайы әрі жан жақты сараптап жеткізе алатын азаматтық журналистер желісін құрып, Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканың дамуына аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Қазіргі уақытта «Мінбер» ақпарат агенттігі Алматы облысының Талдықорған қаласынан,  Қарабұлақ кентінен, Жамбыл ауданынан, Іле ауданынан және Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларынан азаматтық журналистерді тәрбиелеп келеді және өңірлерден ақпараттар таратуды жалғастыруда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі