///

24 жыл бұрын Миттал Қазақстанда Қарметкомбинатты су тегінге сатып алған.

1388 рет қаралды
фото: 24kz

Қазақстандық ақпараттық  www.sonar2050.org, www.inbusiness.kzсайттары “Как продавалось сталь: 24 года назад Миттал практически даром получил “Кармет” атты мақала жариялады. Мақала авторы ретінде Олег И. Гусев көрсетілген. “Мінбер” сайты бұл мақаланы ықшамдап, аударып беруді жөн көрді. 

Қазақстан металлургиясының көшін бастап тұрған, сол кезде СССР-дегі ең ірі кен орнының бірі болған меткомбинат небәрі 225 млн. долларға бағаланған, әрі ол соманы бірден төлемеген,  4 жылға бөліп төлеген. Ол кезде әлі танылып үлгермеген үнді бизнесмені Лакшми Миттал бұрынғы КСРО-дағы ірі металлургиялық комбинаттардың бірін осындай шартпен сатып алған.

1995 жылғы 17 қарашада Ispat International UK Қазақстан Республикасымен жекешелендіру келісімін жасаған. Бұл келісімге сәйкес ҚР сатып алушыға «Қарағанды металлургиялық комбинатын» («Қармет») МАҚ меншікке беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алған.

«Мәскеуді тамақтандыруды тоқтат» деген қуанышты ұрандармен қызған бұрынғы одақтас республикалардың «тәуелсіздік шеруінен» және реттелген шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан «Қармет» құрдымға кеткен еді,  ал зауыт шикізат пен қосалқы бөлшектерге қатысты біраз қиындықтарға тап болды. Дегенмен зауытты әлі де сатуға мүмкіндік бар болатын.

1996 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша «Қарметтің» шұғыл қажеттіліктерге берешегі 50 млн. долларға жетті және келісімшартта олар «жалпы берешек» деп аталды. Бірақ, «шұғылдығына» қарамастан бұл сома он айлық жарналар арқылы төленген, бірінші төлем келісімшарттың 3.1.2.1 тармағына сәйкес тек 1996 жылдың 30 мамырында ғана төленуі қажет екен.

«Қарметтің» еңбекақы бойынша да жалпы сомасы 11 миллион доллар көлемінде  берешектері болған. Миттал оларды өзінің өлшемі бойынша тез өшіріп отырған: 2 миллионнан 5 рет ай сайынғы транш, оған қоса 1 миллионн доллардан 1 транш, бірінші төлемі 1995 жылдың 30 қарашасында жүргізілген.

«Қарметті» сіңірі шыққан кедей деуге болмас еді: оның 1996 жылдың 30 қаңтарына дейін төленуі қажет қол қойылған және жұмыс істеп тұрған прокатты (илеуді) жеткізуге экспорттық келісімшарттарының өзі ғана 86 млн. доллар еді!

Яғни шикізаттың ең аз көлемінде де тек қана болатты алыс шетелге жеткізуден комбинат айына 40-45 млн.доллардан кем емес табыс тауып отырған!

Ал, қазақстандық қара металлургияның көшбасшысының сатылу бағасы оның сол уақыттағы нарықтағы құнынан 20-25 есе төмен болған, небәрі 225 миллион доллар ғана немесе 5 айлық экспорттық жеткізулер

Алайда, мұндай ірі кәсіпорын үшін төмен баға – бұл әлі соңы емес.

Ең қызығы – бұл Лакшми Митталдың комбинаттың төлемін қалай өтегені.

«Қармет» үнділік Лакшми Митталдың толық меншігіне 1995 жылдың 17 қарашасы күні беріліпті. Бірақ, ол қазақстандық қара металлургияның көшбасшысы үшін төлемді төрт жыл (!) бойы төлеген.

Яғни, ол өзінің қалтасынан төлемеген, комбинаттың өзінен алған ақшаға алған.

«Қарметті» алған соң Ispat International болат өндірісі бойынша әлемдегі 32-орынынан 14-орынға бір көтеріліпті.

«Қарметті» ол бірден және төлемсіз алғандықтан, енді Миттал қазақстандық қара металлургияның көшбасшысын батыс банктеріне кепілге бере алатын еді. Және ол әлемдегі құлдыраудың ең төменгі сатысындағы зауыттарды шетінен сатып алып, осы істі сәтті жүзеге асыра бастады. Кейін анықталғандай бұл оның негізгі стратегиясы мен тактикасы болып шықты.

Бұл банкирлер үшін керемет кепіл: аса бір жаңа болмаса да, заманауи жабдықтар, ең маңыздысы – «Испат-Қарметтің» қарыздары жоқ!

Өйткені, «Қармет» мемлекеттік АҚ барлық берешектерін ұзақ жылдар бойы өз кредиторларына өзінің байырғы кредиторларынан өндіре отырып, «Қармет» МАҚ өзі төлейді.

Миттал «Қарметті» тиынға және төрт жылға бөліп төлеу арқылы алып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге Қазақстаннан тек отбасы мүшесіне ғана берілетін артықшылықтарды иеленді.

Келісімшарттың шарттарына сәйкес комбинаттың жаңа егесі шикізат, электр қуаты және темір жол тарифтеріне елдегі ең төмен баға ретінде керемет сый алды. ҚР сүйікті «Раджбен» осындай нәзік қарым-қатынасты соңғы күндерге дейін сақтап келді.

АЛ ЭКОЛОГИЯ ШЕ?

Келісімшарттың «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы» деп аталған бөлімі де ешкімді бейжай қалдырмасы анық: мұнде жаңа иемденуші салық демалыстары мен белгіленген максималды төлемді алады.

«Сақтау бойынша шығыстар» – бұл компанияға экологиялық заңнаманы сақтамағаны, зиянды заттарды шығарғаны және ластану үшін салынған санкциялар мен айыппұлдар.

Келісімшарттың шарттары бойынша айыппұлдар мен талаптар жылына 200 млн теңгеден аспауы қажет. Егер жергілікті басшылардың бірі бұл сомадан артық сомаға айыппұл салса, онда Миттал Қазақстан азаматтарын шексіз улағаны үшін, өзіне туған еліндей болып кеткен Қазақстан мемлекеті ол «байғұсқа» айырмасын уланған салықтан – мемлекет қазынасынан өтейді.

Мысалы, былтыр «АрселорМиттал Темиртауға» табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1,4 млрд теңгеге (3,7 млн доллар) айыппұл салды. Сатып алу – сату келісімшартының 12.3 т. сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеті Митталға 1,4 миллиардтың айырмасын – 200 миллионды қайтару керек. Ақыр соңында бұл Миттал Теміртауды күлмен, шаңмен және т.б. тізесіне дейін көміп тастауына болады деген сөз.

2017 жылы қаңтар айында Теміртауда қара қар жауды.

Ештеңе де болмады. Компания үшін еш залал келтірмеген «қара қар» осының дәлелі.

Әрине, «АрселорМиттал Темиртау» компаниясымен Экология министрлігі кейбір жеңіл желпі  меморандум да жасауға болады, мәселе компаниядан Теміртау – Қарағанды тасжолының бойына 500 мың ағаш отырғызуын өтінеді.

Алайда, елдің ең лас қаласынан 15 шақырымда отырғызылған жаңа орман белдеуі сол қаладағы экологиялық жағдайды мүлдем жақсарта алмайды. Ал, мұндай көлемді ағаш отырғызу бірнеше миллиард теңге тұратындықтан, «Қарметті» сатып алу – сату келісімшартының 12.3 т. сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеті «Арселорға» айырмасын қайтарып беруі қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЙДА ҚАЛДЫ?

Бірақ, 1995 жылға қайта оралайық

Меткомбинат үшін 20 есе төмендетілген бағаны, шикізат үшін кепілдік берілген ең төмен бағаны және болашақта жасалатын экологиялық бейбастақтыққа көз жұмуды есептемегенде, ҚР Үкіметі Митталға тағы бір сый жасайды: «Қарметтің» жаңа иесінен 90% әлеуметтік міндеттемені алып тасатйды, бұл оған ай сайын миллиондаған долларды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Қармет» МАҚ теңгерімінде: Металлургтер мәдениет сарайы, «Восток» балалар саябағы, жүздеген көп пәтерлі көп қабатты үйлері бар тұрғын-үй коммуналдық басқармасы, алты пионер лагері, 36 балалар бақшасы, стадион, 50-метрлік ваннасы бар жүзу бассеині, мұз айдыны сарайы, совхоз, гимназия және тағы басқа көптеген мүлік болды.

Осы байлықтың барлығынан «Испат Қармет» балансында үш балалар сауықтыру лагері, бір жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету басқармасы және стоматологиялық емхана (өйткені олар комбинат аумағында орналасқан), ғылыми-техникалық насихат үйі, УКС ғимараты, ОРС базасы, трамвай депосы және «Политрик» тігін фабрикасы (мұнда металлургтар үшін арнайы киім тігіледі) қалды.

Қалғанының барлығы қала бюджетінің мойнына жіберілді, ол мұндай көлемдегі балабақшаларды да (олардың бір бөлігі сол кезде-ақ қирады, ал басқалары жаңадан ашылған кәсіпкерлер оларды бірден сауна – тұрақтарға айналдырды, пионер лагерьлерін де (олардың екеуін жермен жексен қылды) алып жүре алмады.

“ОҒАН ТӘЖДІ ҚАТЕ КИГІЗДІ”

Миттал ұзақ уақыт бойы «Испат Қарметті» өз тәжінің маржаны деп атады. Толық циклды металлургиялық комбинатты су тегінге алып, артынан тегін 15 көмір шахтасын алып (кейіннен өзіне олардың 8-ін ғана қалдырып), содан соң Теміртаудың ЖЭО-2 тиынға сатып алып, ал сәл кейінірек «аз үлесіне ғана» 4 кенішті алып алса, қалай олай демеске. Өз кеніші, көмірі мен электр қуаты – мұндай біріктірілген комбинаттың толық циклі әлемде Митталдан басқа ешкімде жоқ.

Қазақстандық арзан жұмыс күші, шикізат, электр қуаты және мемлекеттік бюджеттен фантастикалық артықшылықтар – міне Лакшми Митталдың жетістігі.

Осының арқасында әлі күнге дейін Митталдың мүлдем жас емес, 60-жылдық қазақстандық активінің табыстылығы Еуропа мен Америкадағы мақтайтын заманауи зауыттарының табысына қарағанда екі есеге жуық жоғары.

Болаттың тоннасына орташа таза табыс топ бойынша 47,08 долларды құрайды, ал «Арселлор Миттал Теміртауда» бұл кезде – 81,56 долларды құрайды.

Дәл осы 1990 жылдардың екінші жартысында Қазақстанда тапқан ақшасының арқасында Миттал әлемдегі №1 болат өндірушісі болу мүмкіндігін алды.

Өйткені «Қарметті» кепілге алып, банкирлер оған зауыттарды сатып алуға қуана ақша беріп отырды:

  • 1997 жылы — Thyssen Duisberg;
  • 1998 жылы — америкалық Inland Steel Company;
  • 1999 жылы — франциялық Unimetal;
  • 2001 жылы — Румынияның ірі болат құю комбинаты Sidex Galati және алжирлік Alfasidкомпаниясы;
  • 2003 жылы — чехияның Nova Hut;
  • 2004 — Скопьедегі комбинат (Македония).

10 жылдан соң, 2005 жылдың 24 қазанында Миттал Украинада қайта жекешелендірілген Кривой Рог металлургиялық комбинатын 4,8 млрд долларға сатып алды. Яғни, Украинаға ол Қазақстанда «Қарметке» төлегеннен 20 есе көп төледі. Одан комбинатты сатып алған күні қолма-қол ақшасының барлығын қағып алып, Украинаға жіберді.

Ал бір жылдан кейін үндіс металлургы мордашовтың «Северсталін» Арселор мұрын астынан алып кетті.

«Люксембург князін» жұтумен Лакшми Миттал ArcelorMittal брендімен әлемдегі № 1 темір ағаш ұстасына айналды.

Осындай деңгейге көтерілгені үшін ризашылығын білдіріп, Миттал «Қарметті» жайнатуына болатын еді, бірақ үнділік ондай сезімтал емес.

Қазір бұрынғы Қазақстан металлургиясының көшбасшысы қараусыз, жаңғыртылмаған, көз алдымызда құлдырауда. Бұған дәлел ауқымды апаттар:  2016 жылдың қараша айындағы балқытылған шойынның төгілуі, 2018 жылдың наурыз айында ЖЭО-ПВС шатырының құлауы, 2018 жылдың шілдесінде бункерлердің құлауы, 2018 жылдың қараша айында газ құбырының жарылуы және 2019 жылдың қазан айында № 3 цехтағы табақша металды илемдеу цехындағы өрт.

1980 жылдардың ортасында Қарағанды металлургиялық комбинаты қазіргі кездегі болатты үздіксіз құятын машиналары мен пеші қондырғысы болмай тұрып, 5,1 млн тонна болат өндірді. Ал, 2019 жылы «АрселлорМитталТеміртау» бар-жоғы 3,0 млн тонна болат өндіріп жатса, соның өзін жетістік санар еді.

Айта кетсек, сатып алу-сату келісімшартында «1995 жылғы шілде мен қыркүйек арасындағы ағымдағы өндіріс 683 000 тонна көлемінде деп аталған». Яғни, жылына барлық қиындықтарға қарамастан (шикізат пен айналым қаражатының жоқтығына) «Қармет» айына «АрселлорМитталТемиртаудың» 2019 жылы өз меншігіндегі кеніштері, шахталары мен ЖЭО-2 болған кезде қиналып шығаратын өндірісіне тең өндірген, айына 230 мың тонна.

Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатының тиынға сатылғанын, ал оның құнын «қарметтік» ақшамен және Қарағанды көмір бассеинінің шахталарымен өтеген тарихты жадыңызда жаңғыртыңыз.

Сол кезде бәрі өз орнына келеді.

Миттал Қазақстанды тонауда және экологияны 24 жылдан бері құртуда. Осы уақыттың ішінде ол өз әрекеттеріне ел үкіметінен пайцза немесе индульгенцияны пайдаланып отыр.

Қазақстанда инвесторға деген махаббат өз халқынан маңызды.

Как продавалась сталь: 24 года назад Миттал практически даром получил “Кармет”

Как продавалась сталь? 

мақалаларының негізінде аударып, дайындаған Альфия Шамай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі