///

Алматыда не боп жатыр?

1593 рет қаралды

Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыда шерудің басталғанын жазған едік. Өкінішке қарай, бұл шерудің соңы қақтығысқа ұласып жатыр екен. Полиция қызметкерлерінің машиналары өртенген, қиратылған. Қазақстан Ұлттық телеарнасының фейсбук парақшасында “Алматыда наразылыққа шыққандар тәртіпсіздіктерге жол беруде

Қалада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды” деген ақпарат жарияланды.

Сол алаңда болған, оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлердің де пікіріне құлақ асайық: 

Michael Sherimbek

Деміміз қысылып, көзіміз жасқа толып жатыр… «Менің елім» деп еміреніп келе жатқан деп келе жатқанда газбен қолдап жіберді полицейлер! Ағыл-тегіл жыладық..🙂

Қайран, Алматым! «Желтоқсанның» лебі «Қаңтарға» ұласпай тұрғанда тезірек билік тараптан нақты қадамдар жасалуы керек. Жастардың алдына өздері және өздерін тыңдайтын қоғам белсенділерін шығару керек. Негізі, алаңға жеткенше жастар тып-тыныш бейбіт келді. Бірақ… Сейфуллин көшесіне жеткенде полицейлер газбен «улай» бастады. Тыныш жиналып тұрған кезде полицейлердің ГАЗ көлігі жастардың ортасын агрессивті түрде жарып бірнеше адамды соғып өтті. Полицейлер газ жарған сайын жастардың ашуы одан бетер артуда… Арандату сырттан емес, жастардан емес, органдардың өзінен басталды, негізі.
Оян, Президент мырза!
 
Думан Бықай:
 
Бүгін түнде Алматы халқы көтерілді. Көргенімді айтайын. “Алматы Аренадан” бастау алған митинг Республика алаңында жалғасты. Алаң адамға лық толды. Иә, әрқилы үндеу айтылды. Олардың қандай сарында болғанын сезіп отырған шығарсыздар.
Тәуелсіздік монументінің түбінде аз-кем аялдаған наразы топ әрі қарай әкімдікті бетке алды. Әкімдіктің алдында халықты бір топ полицей мен Собр жасақтары қарсы алды. Полицейлер халықтың тегеурініне шыдамай бытырап кетті. Аспанға ұшқан каскаларды көзім шалғаны рас. Талайының тұмсығы қанаған болар. Әйтсе де тәртіп сақшыларына келгенде халық соншалықты жауыздық танытты деп айта алмаймын.
Керісінше ара түскендер көп болды.
Кейбір полицейлер сол арадағы жұрттың сөзін тыңдап, формысын шешіп тастады. Сөйтіп жылыстап кетті, халық олардың соңына түскен жоқ. Айтпақшы Тәуелсіздік монументінің түбінде жалғыз қалып қалған полицейді жұрт екі иығындағы погонды үшін жасыру көк туға орап, шеткерірек шығарып жіберді.
“Арандап қалмайық”, “біреудің мүлкін қиратпайық” деген үндеулер тұс-тұстан жаңғырығып жатты.
Иә, полицейлерге жұдырық жұмсағандар да болды. Олар топтың алдында жүрді. Түсінгенім СОБР-мен ашық шайқасқан азаматтардың полицияда кегі кеткен. Полицияның қорлығы өткен. Тоқаевқа талап қоймас бұрын, алдымен тәртіп сақшыларымен есеп айырысқысы келгендей. Десе де оларды провокатор деуге аузым бармайды.
Әкімдіктің алдындағы айғай-шу саябырси бергенде оң қапталдан БТР-лар келе қалды. Халық солай қарай лап қойды. Ол жақтан құлақ тұндырған тарсыл-гүрсіл дыбыс шығып, төңірегімізді көк түтін тұмшалап алды. Сөйтсек бұл жай түтін емес, ащы түтін екен. Әп-сәтте төмен шөгіп, төңіректі улай бастайды.
Көзден жас парлаған кезде еріксің кері шегінесің. Өңешіңді тіліп түсердей күйге түсесің.
Көргенім осы. Алаңдағы халықтың санын шамалай алмадым. Бәлкім, 20 мыңнан асып жығылған болар. Бір анығы, бұрын-соңды мұндай ауқымдағы митингіні көрген емеспін. Аласапыраннан құралды да, ұлы мақсаты бар шеруге ұласып кетті.
Әрі қарай суретті сөйлетейік (видео да бар, бірақ жүктегенді жөн көрмедім). Бүгінгі митингінің астарына үңіліп, себеп, салдарын іздестіретін сарапшылар менсіз де жетіп артылады.
Бүгінгі митингіні сырт күштен көру қисынсыз. Біздің ішкі ісімізге тұмсық тығатын жалғыз ел – Ресей ғана. Билікке наразы аудитория Мамайға да, Мұхтарға да мұхтаж емес.
Бүгінгі дүмпу отыз жыл бойы үнсіз жатқан вулкан іспетті. Жаңаөзенге келгенде сылбыр қимылдаған билік жағдайды саясиландырып алғанын аңдамай қалды.
Тоқаев Алматыда төтенше жағдай жариялапты. Ертең министр мен әкім-қараның басын қосып шұғыл жиын өткізбек. Маңғаз премьер қашанға дейін отырады? Маған сол қызық болып тұр…

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері