///

Назарбаевтың екі күйеу баласы қызметінен босатылды

863 рет қаралды
фото: eadaily.com

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі күйеу баласы «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларындағы лауазымды қызметтерінен шеттетілді.

Бұл туралы ҚазТАГ телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып, eadaily.com  ақпараттық порталы мәлімдеген. «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен «ҚазТрансГаз» басқарма төрағасы Қайрат Шарипбаев қызметтерінен кетті делінген онда.

Досанов бұл қызметті 2016  жылдан бері атқарып келеді. Бұл лауазымға ол Әлия Назарбаеваға үйлене салысымен отырған. Дариға Назарбаеваның екінші күйеуі Қайрат Шарипбаев та қызмет баспалдағына осы жолмен жеткен.

Бұл ақпарат қазақстандық басылымдар да жарық көрген. Мәселен Zakon.kz  порталы олардың қызметінен өз еркімен кетуге өтініш бергенін айтады. Сөйтіп 14  қаңтарда олардың өтініші мақұлданған.

https://eadaily.com/ru/news/2022/01/15/dva-zyatya-nazarbaeva-lishilis-svoih-dolzhnostey

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі