///

Құлыбаев “Атамекен” ҰКП төрағасы қызметінен кетті

1373 рет қаралды
Атамекен кз
Атамекен кз

Танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағалығынан кетті. Оның үндеуі палатаның ресми сайтында жарияланды. 

“Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы  басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды. Қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін – «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығымды білдіремін. Біздің жұмысымыздың басты қорытындысы – бизнес пен биліктің жолға қойылған сындарлы диалогы, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру. Біздің басымдығымыз әрқашан бизнес құқығын қорғау болды. Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жұмыс жолға қойылған. Барлық өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. 8 жыл ішінде ҰКП-ға 41 мың өтініш келіп түсті, олардың 40 пайызы шешімін тапты”,- делінген үндеуде.

Сөз соңында танымал бизнесмен әріптестеріне ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі