///

Россотрудничество Қазақстанның жаңа ақпарат министрімен жұмыс жасаудан бас тартты

2551 рет қаралды

Россотрудничество Қазақстанның жаңа ақпарат министрімен жұмыс жасаудан бас тартты, деп хабарлайды Газета.ru 

Дәлірек айтсақ, Россотрудничество басшысы Евгений Примаков русофобияға байланысты Қазақстанның ақпарат министрімен жұмыс жасаудан бас тартыпты. Бұл туралы ол өз Telegram каналында жаңадан тағайындалған Қазақстанның ақпарат министрі Асқар Омаров русофобиялық көңіл-күйге күдікті екенін және бұл белгілі бір деңгейде алаңдатушылық тудыратынын жазған.

Примаковтың сөзінше, Омаровтың тағайындалуы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ең ауыр саналы ымыраға келуі» болып табылады.

Басылым Примаковтың сөзінен үзінді келтіріп, «Президент Тоқаев мырзаның күш — жігерін құрметтеймін және осындай мұқият ойластырылған, әрі жоспарланған ымыралар, әсіресе Омаров мырза Қазақстандағы орыстарға деген өзінің нацистік және шовинистік көзқарастарынан көпшілік алдында бас тартқан жағдайда, біздің халықтарымыздың арасындағы ғасырлық бауырластық достықты құрта алмайтынына сенемін» – деп хабарлайды.

Оған қоса Газета.ru Примаковтың жаңа министрдің кейбір дәйексөздерін келтіргені туралы жазады. Атап айтқанда, Омаровтың орыстарды «күштеп таңылған диаспора» деп атағаны және басқа елдерге қарағанда олардың құқықтары сақталатынына Қазақстанға алғыс білдіруі қажет, дегені мысалға келтірілген. Примаков: – Россотрудничество «русофобиялық қоқыспен» ынтымақтаспайды және бұл «қазіргі конфигурацияда» Омаровпен және оның бөлімімен «кез-келген әрекеттестікті» толығымен жояды, – деп атап өткен.

Евгений Примаковтың бұл мәлімдемесіне Қазақстанның жаңа ақпарат министрі Асқар Омаров Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жауап берді

Омаровтың орысша жауабын қазақшалайтын болсақ: – Менің бейнемді демонизациялауға байланысты жарияланымдарға қатысты. Мені көрсеткісі келгендей адам емеспін. Барлық осыдан бұрынғы лауазымдарда ресейлік және басқа да серіктестермен табысты жұмыс жасауға тырыстым. Бірлескен жақсы жобалар жасадық, соның ішінде Жеңіс Күні сияқты жалпы күндерге және т. б. Ресеймен одақтастық қарым-қатынас біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ресей Федерациясының біздің елімізді қолдауы құрмет пен ризашылық сезімін ғана тудырады. Мен толеранттылық пен халықтар достығы, Қазақстан халқының бірлігі және көршілермен бауырластық қатынастар қағидаттарына адалдығымды тағы да растағым келеді. Біз ресейлік және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы синергия құруды жоспарлап отырмыз, олармен пайдалы тәжірибе алмасуға болады. Ортақ пайдалы іс үшін бірге жұмыс істеуге дайынмын.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі