//

Абзал Құспан, Аманат комиссиясының мүшесі: Азамат Батырбаевты азаптағаны рас

1434 рет қаралды
көрнекі сурет
“Аманат” комиссиясы Азамат Батырбаевты босату туралы өз ұсынысын енгізген. Бұл туралы комиссия мүшелерінің бірі, заңгер Абзал Құспан өзінің фейсбук парақшасында жазады. Ол Азаматтың тепкіге жығылғанын, азапталғанын растап отыр.
 
“Қазір қалың ел Талдықорған қаласында қамауда отырған Азамат Батырбаевтың тағдырына алаңдаулы екені белгілі. Күні кеше, 02 ақпан күні, біздер, Аманат комиссиясының мүшелері, Талдықорған қаласының тергеу изоляторында болып, Азаматпен жүздесіп, тілдесіп, оған қатысты іс құжаттарымен танысып шықтық. Азаматқа елдің алаңдап, тілегін тілеп отырғанын жеткіздік. Бірден басын ашып айтарымыз, Азаматты сабағандары да, қорлағандары да, азаптағандары да, үтік басып қинағандары да рас! Өз көзімізбен көрдік, өз аузынан естідік.
Оның нәтижесі бойынша біз – комиссия, екіұдай ойда қалдық, қысқаша ретімен баяндайтын болсақ, картина былай:
1. 10 қаңтар күні Азаматты және 7 ауылдасын полиция қызметкерлері Қапал ауылынан ұстап, Талдықорғандағы полиция Департаментіне (ДВД) алып келген. Сол жерде 1 тәуліктен астам уақыт оны ұрып-соғып азаптаған, арқасына ыстық үтік басқан.
2. 11 қаңтар күні полиция қызметкерлерінің өздері жедел жәрдем шақырып, Азамат 9 күн ауруханада жатып ем алады.
3. 20 қаңтар күні ауруханадан шығып (!), ауылына кетеді.
4. 22 қаңтарда денсаулығына қатты зақым келуі себепті, емделу үшін Алматы қаласына баруға дайындалып отырғанда оны қайтадан полиция Департаментіне шақырып, жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқансың деп, қайта ұстайды.
5. Сол күні қалалық ішкі істер Басқармасының ИВС-ында, полиция департаментінде азаптаған, әзірге жеке бастары анықталмаған полицейлер келіп, Азаматты тағы сабайды.
6. Кейін оны Талдықорған тергеу изоляторына ауыстырған. Жалпы тәртіп бойынша, тергеу изоляторына қамауға алып келгендердің үсті басын тексеріп, жарақаттар бар жоғын қарайды, бұл міндетті шара. Азамат алғашында өзін ұрып соғып, азаптаған полицейлерге арыз жазудан бас тартқанымен, сол кезде Азаматтың дене жарақаттарын көрген прокуратура органдары 26 қаңтар күні бұл жағдайды тергеп- тексеру үшін Антикорға жолдаған.
7. 28 қаңтар күні Антикор бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 бабының 1 бөлігімен, яғни азаптау бабымен қылмыстық іс қозғайды”, деген ол құқыққорғау орындарының бұл әрекеттері халықты ашындыру үшін жасалып жатқан саботаж болуы мүмкін деген болжам айтады:
 
“Енді бұл не өзі? Бұл өкінішке орай, құқыққорғау қызметкерлерінің әдетіне айналған, айыптан тайып қолдарына түскен, тырнақтарына іліккен адамдарды ұрып-соғу ма? Азаматтан қандай да бір өш немесе кек алу ма?
Жоқ, біздің ойымызша, бұл нағыз халыққа жасалған қастандық. Бұл әрекеттерді ол адам бейнесіндегі айуандар, Азаматқа тән жарасын жасау үшін жасаған жоқ, бұны олар Халыққа жан жарасын салу үшін жасаған! Бұл Азаматты сабау емес, бұл бүкіл калың елді сабау! Бұны жасағандар кімдер, қандай пиғылмен жасады, кімнің бұйрығымен жасалды, оны тергеушілер анықтай жатар” дей келе ол, “Аманат” комиссиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенті Токаев мырзадан осы оқиғаны жан жақты тексеруді жеке бақылауына алуды сұрайды. Сондай-ақ, Азаматқа тағылған айыптардың ішінде
Назарбаев ескерткішін құлатты деп қылмыстық іс қозғалмағанын айтады:
– Ондай айыптау жоқ. Әзірге жоқ. Кейіннен пайда болып жатпаса.
Бірақ, егер кейіннен осындай айып тағылған жағдайда, ол үлкен қате болатынын билікке ескерткіміз келеді. Баяғы Советтер заманында, бір кемпірдің үйінің төрінде ілулі тұрған ” мұртты көсем” Сталинның портреті, шегесі осал болды ма, жібі әлсіз болды ма, әйтеуір, жерге құлап күл-талқаны шығыпты. Содан әлгі кемпірді Сталин жолдасты қаскөйлікпен құлаттың, халық жауысың деп соттапты-мыс. Егер, Азаматты Назарбаевтың ескерткішін құлаттың деп соттаса, тура осының кері болады.
 
 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі