//

Қаңтар қасіретіне қырық күн: Алматыда құрбандарды еске алу митингісі өтті

2009 рет қаралды

Бүгін, Ақпанның 13-і күні Алматыда қаңтар басындағы қасыретте жазықсыз оққа ұшқан құрбандарды еске алуға орай бейбіт шеру өтті. Жиналған халық қайтыс болған жазықсыз жандардың аруағына құран бағыштап, қазақ дәстүрімен жеті шелпек таратты. Ал ҚР Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, құрбандардың аруағына құран бағыштаған. 

ЖАЗЫҚСЫЗ АЗАМАТТАРҒА БОСТАНДЫҚ! 

Алматы қаласы әкімдігі бұл бейбіт шерудің өтуіне рұқсат бермеген еді. Оған себеп бұл алаң шеру өткізуге арналмаған. Десе де, полиция өкілдері алаңға жиналғандардың әрекетін алыстан бақылаған. Көшелердегі көлік қозғалысына кедергі келтірілмеген. Алаңға жиналғандар сол маңайда интернеттің бұғатталғандығын айтады. Алаңға жиналған халықтың қарасы көп емес. Олардың қолында түрлі мазмұндағы плакаттар бар: “Халыққа оқ атқандар сотталсын!”, “Полиция, азаптауды тоқтат!”, “Жазықсыз азаматтарға бостандық!”, тб.

Адамдарды аза тұту митингіне келуге шақырған саясаткер және бизнесмен Болат Әбілов онда қысқа сөз сөйледі. Ол Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоюға және Нұрсұлтан Назарбаевты барлық артықшылықтардан айыруға шақырды. Әбілов сондай-ақ Назарбаев даңғылын Алматыдағы “Қантар”атауымен қайта атауға шақырды.

БҰЛ НАҒЫЗ ҚАСІРЕТ!

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев құран бағышталған соң арнайы сөз сөйледі. Қазақстан Президенті биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.

– Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық. Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

суреттер: Ақорда сайтынан және “Азаттықтан” алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар