///

Азаматтық журналистердің тізімі белгілі болды

2320 рет қаралды

Наурыздың басында “Мінбер” сайты азаматтық журналистердің жаңа құрамына іздеу салатыны туралы жариялаған еді. Бүгін “Азаматтық журналист” болуға үміткерлердің тағы бір тобы таңдалып алынғанын жариялағалы отырмыз. Азаматтық журналист болуға 62 адам өтініш білдірген.

Алайда, “Азаматтық журналистика” ұғымын әлі де дұрыс түсінбегеніміз аңғарылады. Өтініш бергендердің арасында журналистика факультетінің студенттері, пәленбай жыл журналист болып жұмыс істеген кәсіби журналистер де болды. Бірақ біздің мақсатымыз мүлдеп журналистік білім және тәжірибесі жоқ адамдардан журналист жасап шығару. Сол себептен журналистика факультетінің студенттері мен кәсіби журналистер бірден тізімнен шығарылды. Сондай-ақ, әрбір үміткерге жеке жеке хабарласып, үміткерлердің нақты мотивациясын да білуді жөн көрдік. Сөйтіп, 62 адамнан 22 адам таңдалып алынды. Жоба Наурыз-Қыркүйек айлары аралығында жүзеге асырылмақ. Жоба барысында болашақ журналистерге журналистиканың негізгі принциптері мен дағдылары үйретілетін болады. Жоба “Интерньюс-Қазақстан” қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. Сонымен болашақ журналистерге сәттілік тілейміз.

Құрметпен 

“Мінбер” ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар