///

Туберкулез өкпені ғана зақымдамайды!

2648 рет қаралды

Көпшілік туберкулезді өкпе ауруы ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жаңсақ ұғым. Адамның ағзасын жалпы анатомиялық, физико-молекулалық дәрежеде қарайтын болсақ, барлық процесстің тұтас ағзаға әсер ететінін байқаймыз. Сол себепті ағзаға түскен кез келген бөгде дене (микробтар, бактериялар) ағзаның кез-келген мүшесінде кездесуі мүмкін екеніне көз жеткіземіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне қарасақ, жер бетіндегі адамзаттың үштен бірі латентті (жасырын) туберкулез жұқтырған.

Туберкулез өкпеден басқа адамның сүйек буындарында, асқазан-ішек жолдары, зәр шығару жолдарында, лимфа түйіндерінде, көзде, тері тағы басқа мүшелерінде кездеседі. Бұл ағзалардағы туберкулезді анықтау диагностикасының ерекшелігі бүгінгі таңдағы үлкен мәселе. Басты проблема – науқастардың диагностикасының кеш болатынында. Мысалы омыртқаның туберкулезді қабынуы кезінде оның клиникалық көрінісі бірнеше омыртқа кеселдерінің симптомдарымен ұқсас болуында (омыртқа сүйектері остеомиелиті, онкология, остеохондроз, омыртқа дискілерінің жарығы, т.с.с.) соның қатарында перифериялық лимфа түйіндері (операциядан кейінгі материалды бактериологиялық, патоморфологиялық зерттеулерден кейін диагноз нақтыланады) немесе кез-келген абсцесс, флегмоналардың айрықша бактериологиялық, гистологиялық зерттеулері толық тексерілмей қалуының салдарынан науқастардың көпшілігінде туберкулез диагнозы кеш қойылып жатады. Тіпті кейбір созылмалы кеселдердің (созылмалы ішек жабысқақ аурулары, урологиялық, гинекологиялық кеселдер) диагностикасы тек операциялық ем шарасынан кейінгі патоморфологиялық нақтылаудан соң анықталып жатады.

Сондықтан кез келген ауруға диагноз қою мәселесі қиындаған сәтте, міндетті түрде туберкулезге тексерілуді де ұмытпағаныңыз абзал. Қазіргі таңда елімізде түберкулезді анықтайтын заманауи лабораториялық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Туберкулезді емдеу жолдары да соңғы әлемдік ғылыми клиникалық дәлелденген үрдістерге негізделген. Ең бастысы, дер кезінде хабарласқан жағдайда науқастың туберкулезден толық айығып кететінін есте сақтаңыз.

Ербол Көпбаев, 

Ұлттық фтизиопульмонология

ғылыми орталығының өкпеден тыс туберкулезді

хирургиялық жолмен емдеу бөлімінің хирург дәрігері.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар