//

Туберкулездің алдын алу үшін не істеу керек?

536 рет қаралды

Қазір туберкулездің алдын алудың негізгі шараларының бірі – туберкулездің жасырын инфекциясын емдеу болып табылады. Жасырын инфекция – туберкулездің клиникалық және рентгенологиялық белгілері болмаған кезде организмде туберкулез микробактериясының антигендерінің болуынан туындаған тұрақты иммундық жауап күйі ретінде анықталады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымы 2018 жылы аса қауіпті топтарын анықтап, оларды туберкулезге тестілеу, бақылау және ауруды асқындырмас үшін жасырын инфекциясынпрофилактикалық емдеуді бекіткен.     Қазір елімізде туберкулездің жасырын кезеңін анықтау үшін туберкулинді тері сынағы (Манту реакциясы), рекомбинантты туберкулез аллергенімен тестілеу (АТР реакциясы)  немесе Т-лимфоциттері гамма-интерферонның босату (IGRA-тест)талдауы жүргізіледі. Профилактикалық терапиянының балалардағы туберкулездің даму қауіпін едәуір төмендететіні бұрыннан белгілі. Ғалымдардың  айтуынша, қазіргі уақытта қолданып жүрген  профилактикалық емдеу режимдерінің тиімділігі айтарлықтай,   яғни 60-тан 90%-ға дейін. ДДҰ-ның бірнеше ұсыныстарына сай елімізде туберкулез қоздырғышының дәрілерге сезімталдығы сақталған және төзімділігі анықталған жағдайда қолданылатын бірнеше емдеу тәсілдері қолданылады.

Туберкулездің жасырын инфекциясы анықталған балаларға   жиі суық тиеді, олардың тыныс алу жолдары мен өкпесі ұдайы ауырады, семіздік жиі кездеседі. Шағымдары: физикалық жүктеме кезінде тез шаршау, психоэмоционалдық жағдайдың тұрақсыздығы, ұйқының бұзылуы. Осыны ескере отырып, балаларды туберкулезбен ауыратын науқастан оқшаулап, профилактикалық ем ұсынылған балаларды патогенетикалық емге қоса, симптоматикалық және сауқтыру  шараларын жүргізу мақсатында Алматы қаласының «Балалар фтизиопульмонология оңалту орталығына» жолдайды.  Оңалту шараларының кешені, оның ішінде профилактикалық терапиянының (төрт емдеу режимі) және климаттық-ландшафтық терапия, таңертеңгілік гигиеналық және емдік жаттығулар, қолмен классикалық және кеуденің нүктелік массажы, арнайы тыныс алу жаттығулары, психологиялық-педагогикалық түзету әдістері, ингаляциялық терапия, спелеотерапия жүргізіледі.

         Аталған әдістердің сауықтыру әсері айқын эмоционалды күйзелісті және ағзаның функционалды, адаптациялық, қорғаныс қасиетін жақсартады.

Оның ішінде спелеотерапия немесе жасанды микроклимат  атап кетуге тұратын әдістердің бірі. Галотерапия – кең диапазонды құрғақ тұзды аэрозолдың құрамы 98-99%-ды, шамаман  3 микроннан тұратын тұздар және  барлық керекті микроэлементтерден тұрады. Микроэлементтердің құрамы: Темір – анемияға қарсы әсер етеді, әлсіздікті жойып, иммуниттеті жақсартады. Кальций – сүйек буын ауруының алдын алуға әсер етеді Магний – метаболикалық бұзылысты алдын алып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Мыс – зат алмасудың бұзылуын алдын алып, темірдің сіңірілуін жақсартады. Марганец – күнделікті кездесетін қатерлі қосылыстардың зиянын төмендетеді. Цинк – бойдың өсуіне. Селен ағзаны бос радикалды қосылыстардан тазартып, қатерлі ісіктерді болдырмауға әсерін тигізеді, ластанған ауадағы сынаптан, кадмиден, қорғасыннан тазартып, ағзаның қартаюын төмендетеді.  Литий – склероздың, жүрек ауруының, қант диабетінің дамуына қарсы әсер етеді. Йод – қалқанша без ауруының болуына кедергі жасайды. Ұзақтығы 10-15 процедура, сеанс уақыты 20 минуттан 40-қа дейін.

Оңалту емінің нәтижесін бір-екі курстан кейін байқауға болады.  Балалардың физикалыққуаты жоғарлап, арнайы терең тыныс алу жаттығулары  өкпенінің  функционалдық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Спелеотерапины қабылдауына байланысты жалпы физикалық жағдайдың айқын жақсарғанын көруге болады. Барлық балаларда жаттығуға төзімділіктің едәуір күшейгені  байқалады. Астениялық синдромы байқалған жағдайларда ауырудың жеңілдеуі және ұйқысының тынышталғаны байқалады.

Амангүл ИСАЕВА,  м.ғ.к., доцент

   Алматы қаласындағы Балалар

 фтизиопульмонология оңалту орталығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі