///

Моңғолиядағы бейбіт шеру қалай аяқталды?

3027 рет қаралды

Ұланбатыр қаласының Сүхбатыр атындағы орталық алаңында 7,8-ші Сәуір күндері заттың бағасының өсуі (соның ішінде жанармай бағасы), төгрөгтің (Моңғолияның ұлттық валютасы) құнының құлдырауы, сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қарсы бейбіт шеру болып өтті. Шеруге негізінен жастар жиналды.

7-ші Сәуір күні Ұланбатыр уақытымен түнгі 02:00-лер шамасында, бейбіт шерудің соңы  бүлікке ұласа жаздағаны үшін, шеруді полицейлер күшпен таратып, тәртіп бұзған біраз шерушілер тұтқындалды. Алайда сәуірдің 8-і күні шеру жалғасып, тұтқындалғандарды босату талап етілді.  Сол күні шерушілердің талабы орындалып, түскі 1.00-сағатта тұтқындарды босатты.

Премьер-министр Л. Оюун-Эрдэнэ халық алдына шықты



Моңғолияның премьер министрі Л. Оюун-Эрдэнэ Сәуірдің 8-інде 19 сағатта алаңға шығып, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға байланысты халықтан кешірім сұрап, кезектен тыс мемлекеттік мәжіліс жасап, қойылған талаптардың мейлінше орындалатындығына уәде берді.
Үкіметтік комиссия құрылып, оған жастардың өкілі мүше болды.


Шеруге қатысушылар үкіметке нақты 15 талап қойған еді. Премьер министр Л. Оюун-Эрдэнэ өз құзыретіндегі 11 талаптың шешімін табатынын айтты.

“Портфель устаушылар тым болмағанда кітабы бар портфель ұстаңыздаршы” деген лозунг ұстап тұр

Олар:
1: Заттың бағасының қымбаттауына байланысты, тұрмыстық заттардың бағасын тұрақтандыру туралы заңды МҰҚ-ға  (Моңғолияның Ұлы Құрылтайы) ұсынып, Сәуірдің 15-іне  дейін жүзеге асыру.
2. Шеруге қатысып ұсталғандарды түгелдей босатты. Және оларды қудаламауға Л. Оюун-Эрдэнэ кепілдік берді.
3. Жемқорлық, билікті асыра пайдаланған саясаткерлерді жауапқа тарту. Жемқорлық туралы заңдарға өзгеріс енгізу.

“Біздің толық достарымыздың өзі арып барады” деген ұран көтеріп тұр

4. Даму банкі мен, Орта және кіші бизнесті демеу қорынан қарыз алған билік өкілдерін жауапқа тарту.
5. Үкімет мүшелері үнемдеуге көшеді. Мұнда артық шығынды азайту нақты көрсетілген және салықты азайту. ҰҚ-мүшелерінің заңмен қорғалатын құқықтарын азайту, т.б талаптарды орындайтын болып келісті. Бүгін мемлекеттік үнемдеуге байланысты Ұлы Құрыл Төрағасы Г. Занданшатар: Ертеңнен бастап ҰҚ-дың құрамындағы комитет басшылары “Lexus 570, land cruiser 200” бен жүрмейтінін ескертті.

“Айлығымыз Элбэгдоржының (бұрынғы президент)мойнынан да қысқа” деген лозунг көтеріп тұр

Осы шеру аймақтарда да жалғасын тапты. Біз осы орайда шеруге қатысқан азаматтардың ойын білген едік.
Сүйеніш Талғатбек:

– Өз басым Моңғолияның толық құқылы азаматы әрі студент, әрі болашақ ұстаз ретінде шеруге қатысып, ой-пікірімді білдіргім келді. Себебі студенттердің оқу төлемі мезгіл санап, жыл санап қосылуда. Жанар-жағармайдың бағасы өскендіктен заттың бағасы қымбаттауда. Біз бұндай жағдайда үнсіз тұра алмаймыз. Бұлай кете берсе халқымыздың жағдайы не болмақ? Сондықтан жастар бірлікте шеруге шықтық. Қазір жағдай тұрақтанды. Үкімет уәдесінен таяр болса қайта шығуға дайынбыз.

Ал Баян-Өлгей аймағында болған шеруге қатысқан Қабілет Бәделхан:

“Заттың бағасы аспаннан да 3000 метр биікте” деген ұран ұстап тұр

– Моңғолияда не көп мал көп, ал еттің бағасы күн санап қымбаттауда. Ал аймағымыздың жастарының көбінде жұмыс жоқ. Үлкен өндірістер салынбаған. Аздаған үкіметтік жұмыс орыны пайда болса тамыр таныс арқылы басшылардың туысы кіреді жұмысқа. Күнделікті тұтынатын заттың бағасы қазір өте қымбат. Сондықтан мен “Заттың бағасы аспаннан да 3000 метр биікте” деген лозунг көтерудемін деді.

Ескерте кетсек Улаанбаатарда басталған бейбіт шерудің негізгі ұраны “Жұмыс істе” болды. Бұл жалпы халықтық сыйпат алып 15 аймақта бейбіт ереуіл болып өтті.

Тілектес Ақылбекұлы, Баян-Өлгей, Моңғолия

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері