//

Монғолия: Баян-Өлгейде қазақ журналистері бас қосты

2676 рет қаралды

Баян-Өлгей аймағының Журналистер Одағы 11 мамыр күні «Халықаралық сөз бостандығы» күніне орай конференция ұйымдастырды. Аталмыш шараға Баян-Өлгейдегі журналистер мен белсенді тілшілер қатысты. Журналистер одағының бұрынғы басшысы Сәбет Насырұлы журналистерге заңи кеңес беріп, ақпарат алу жолдарын түсіндірді. Және соңғы кезде журналистердің құқығы бұзылуы жағдайы жиілеуіне байланысты Одақ жанынан «Журналистер құқын қорғау ұйымын» құруды ұсынды. Бұл ұсынысты қатысушылар бірауыздан қолдады.

Аймақтық журналистер одағын басқарған Өмірбек Биқұмарұлы «Баян-Өлгейдегі қазақ журналистикасының тарихы және дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада аймағымыздағы журналистердің жеткен жетістіктері мен даму тарихын саралай келе, қазіргі таңда Одақтың атқарушы төрағасы болып қызмет атқарып келе жатқан Еркінбек Бөденұлын Одақ Төрағалығына қайта ұсынды. Қатысушылар қолдап, жаңа төраға болып сайланған Еркінбек Бөденұлы сөз алды. Ол Одаққа бұрын басшылық еткен қаламгерлердің мұрағаттарынан дайындаған «Одақ тарихы және болашақта атқарылар жұмыста» атты баяндамасын жасады.

Конференцияға қатысқан жұрналистер өз ой-пікірлерін ортаға салып, сөз сайыс ұйымдастырылды. Хобда университетінің Аймақтық бөлімшесінің деканы Доктор Хиналған Жылқыайдарқызы  «Журналистика саласы және журналистердің қостілді білімі» тақырыбында баяндама жасады. Және Хобда университетінде келесі жылдан бастап журналистерді арнайы қос тілде оқытатын бөлім ашылатынан жеткізді. Конференция соңында жылдық қортынды жасалып, табысты жұмыс атқарған журналистер марапатталды. Атап айтсақ, Қазақ радиосының тілшісі Маржан Кәкейқызы мен Дербес TV тілшісі Жұлдыз Жұмағұлқызы «Баспасөз саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса. Аймақ әкімінің «Құрмет громатасы» Алтайньюс газетінің редакторы Жексенбай Қайыпұлы, Моңғол заман газетінің тілшісі Айгүл Ұстапқызы, Алтай сұмындық белсенді тілші Мерғалым Жәнімханұлы, Саян ТВ тілшісі Б.Энх-Уянгаға, Аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының «Құрмет громатасы» Озат Ешмайұлы мен Тілектес Ақылбекұлына табыс етілді. Шұғыла журналының «Арнайы марапаты» журналист Нұрболат Өнерханұлы мен Айбота Әлиханқызына, Радионың «Арнайы сыйлығына» Хобда аймағының зейнеткер ұстазы, аға журналист Шілдебай Қыранбайұлы, Көкмойнақ ауылы «Қизатхан Мағауия Сұлтанияұлы атындағы сыйлыққа» журналист Аманбек Қанайұлы, «Қажекбер атындағы сыйлыққа» С.Әнсар, «Қуатай атындағы сыйлыққа» Муратбай Қажыбайұлы, Өлгий сұмыны «Құрмет медаі» Баяннуур сұмындық З.Қонай, Ногооннуур сұмындық З.Қатпа ағаларымызға берілді. Казньюс ақпарат агенттігінің «Арнайы сыйлығымен» Тілеухан Ақбайұлы мен Қабдыраш Жекейұлы қатарлы азаматтар марапатталды.

Конференция соңында журналистер естелік суретке түсіп тарасты.

Тілектес Ақылбекұлы

Моңғолия, 

Баян-Өлгий аймағы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар