///

Нұрсұлтан қаласы: Алтай Көлгінов ЛРТ құрылысын аяқтау үшін бюджеттен Т248 млрд теңге сұрайды

4191 рет қаралды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеңіл рельсті транспорттың (ЛРТ) құрылысын аяқтау үшін $580 млн доллар қажет деп мәлімдеді деп жазады ҚазТАГ.

«Жобаны аяқтау үшін $1 млрд доллардан артық қаржы керек. Алайда біз оптимизация жасап, оны $577 млн долларға дейін түсірдік» деген ол мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Оның айтуынша бұл жобаға бұған дейін $1,8 млрдтан астам АҚШ доллары жұмсалған.

«Алғашқы қарыз Қытай даму банкінен 20 жылға 4,9% өсіммен алынған. Егер біз бұл қарызды жиырма жыл бойы төлейтін болсақ, онда $2,6 млрд долларға жетер еді. 2019 жылы сыртқы қарыздан бас тартып, ішкі банкілерге көштік. Қазақстанның екінші деңгейлі банкілеріне бұл қаржының $475 млны аударылған. Өсімақысы да біршама аз, 3,25%. Біз бұл жерде біршама қаржы үнемдеп отырмыз. Қазір біз жылына екі рет осы қарызды бюджеттен төлеп келеміз. Өйткені, ақша құрылысқа жұмсалды, оның үстіне Астана Банкіне қатысты проблема болды. $270 млн доллар із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір осы ақша бойынша сот процесі жалғасуда, кейбір активтерді қайтарумен айналысып жатырмыз. Сондай-ақ, біз консорциумның құрылыс монтаждау жұмысын атқарғаны үшін атқарылған жұмыстардың актісі бойынша $116 млн қарызбыз» – дейді қала басшысы.

Оның айтуынша келісім шартқа қол қойылған сәттен $377 млн көлемінде аванс төленді.

«Ол әлі жұмсалған жоқ. Барлық жұмыстың 60% орындалған кезде аванс жұмсала бастайды. Бәрін қосқанда $1 млрд жұмсалып үлгерді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЛРТ жобасы бойынша қарыздарды жабу, өсімақыны төлеу үшін бюджеттен Т248 млрд теңге сұраған. Ол қаржының 7 579 000 теңгесін 2023 жылы, 240 779 000 теңгесін 2024 жылы жұмсалу көзделіп отыр.

 

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 13 маусымында Қазақстан билігі «Астана LRT» ЖШС-інің $1,6 млрд доллардың мемлекеттік кепілдігін мақұлдады. 2018 жылдың 9 шілдесінде ЛРТ құрылысына Т305 млрд теңгенің қаржысын жұмсауды жоспарлаған.

Ең бастысы ЛРТ құрылысына бөлінген қаржыны жымқырған басты фигурант әлі күнге дейін бостандықта.

2020 жылы 27 ақпанда жемқорлыққа қатысты скандалдардан кейін «Астана LRT» ЖШС City TransportationSystems (CTS) деп атауын өзгертті. 2019 жылдың 30 шілдесінде «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланады. Осы жылдың  13 желтоқсанында «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланады. Ол «Астана LRT» ЖШС-нің ақшасын жымқыруды ұйымдастырушы ретінде аталады. Алайда 2021 жылдың  7 тамызында ҚазТАГ Сұлтанбековтің де, Арданның да интерпол арқылы іздеудегі адамдардың тізімінде жоқ екендігін анықтайды.

2021 жылдың 10 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бұл жобаға қыруар қаржы жұмсалғанын, сол үшін оның құрылысын жалғастыратынын мәлімдеген.

Алтай Көлгінов ЛРТ құрылысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі жалғастыратынын айтады:

«Әкімшілік бюджеттен қаржыландыруды сұрап отыр. Ең басты мәселе қаржыландыру көзі. 2020 жылы барлық банк жұмысын тоқтатты. 2021 жылы жұмыстарын қайта жандандырды. Барлық банк тіпті мемлекеттік кепілдендіруді ұсынатынымызға қарамастан бізбен жұмыс істеуден бас тартты. Сол себепті де банкілерден алатын қаржыны біз бюджеттен процентімен төлейтінімізді ескере отырып, ақшаны бюджеттен алған жөн деп көреміз. Біз бұл мәселені Үкіметпен ақылдастық. Ақша бөлінісімен, біздің әріптестеріміз үздіксіз қаржыландырылатын болса, екі жылдың ішінде аяқтаймыз деп отыр. Мәселені Қаржы министрлігімен ақылдасып, жұмсалған қаржыны ескере отырып, жұмысты соңына дейін жеткізу дұрыс болар еді. Егер біз әрі қарай соза беретін болсақ, біздің әріптестер халықаралық арбитражға жүгінбек. Бұл бізге тиімсіз» дейді елорда басшысы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі