//

Қытай елшілігінің алдында 500 күн: Қытайда жазықсыз отырған туыстарымызбен қауышпайынша біз бұл әрекетімізді тоқтатпаймыз

1725 рет қаралды

 Алматыдағы Қытай елшілігінің алдында наразы топтың келгеніне тұп-тура 500 күн. Наразы топтың негізгі талабы біраз уақыттан бері Қытайдың “қайта тәрбиелеу лагерьлерінде” жазықсыз қамауда жатқан туыстарының бостандыққа шығуы. 

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Байболат Күнболаттың айтуынша, бүкіл әлемнің назарын аударып отырған Қытайдың тажал саясатының құрбаны болған қазақтар өте көп. Алматыдағы Қытай елшілігінің алдына осы қазақтардың туысқандары келіп, Қытайдағы лагерьлерде жазықсыз отырған туыстарының босатылуын талап етеді. Бұл митингіні ұйымдастыру барысында Байболат Күнболат әлденеше рет әкімшілік жауапқа тартылып, 2 миллионнан астам теңгенің айып пұлын да төлепті, 14 күн бейбіт шеру талаптарын бұзды деген айыппен қамалған да, сонда да алған беттерінен қайтар емес.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға әкім болып келген Ерболат Досаевтың арнайы қабылдауына жазылған олар бұл әрекеттері үшін әкімдіктің жауапқа тартпауын өтінген.

 – Наурыздың 14-інде Алматы қаласының әкімдігіне барып қаланың бас әкімі Ерболат Досаев мырзаға 9 адам өтініш хат қалдырып едік. Хаттың мазмұны “Қытайда жазықсыз қамауда отырған туыстарымызды Қытай үкіметі қамаудан дереу босатып Қазақстанға жібермейінше, Алматыдағы ҚХР бас консулдығына барып туыстарымызды іздеп, олар туралы ақпарат сұрап және Қытай үкіметінен – Қытайда жазықсыз қамауда отырған туыстарымызды дереу қамаудан босатып Қазақстанға жіберуін талап ететінімізді айттық. Осы іс шараға рұхсат беруін сұрадық”.
Сол себепті әкімдік өкілдеріне, полицияларға, прокуратура өкілдеріне осы жергілікті билікке жазылған хатқа назар аударуын сұраймыз.
Біздің құқығымыз бұзылмаса екен, біздің туыстарымызды іздеу іс-шарамызды зерделеген кезде еліміздің ішкі заңдарымен ғана шектелмей халқаралық адам құқықтары жөніндегі заңнамаларға назар аударса екен дейміз. Cебебі әр қандай мемлекеттің ішкі заңдарымен халқаралық заңдар қатар келген жағдайда, халықаралық заңдардың басымдыққа ие болатыны баршамызға белгілі, – дейді ол.
Көшеде Қазақстан туын алып жүріп өткен олар: “Қытай, отбасымызды жібер, геноцидке жол жоқ” деп ұрандатты. Алматы қаласының әкімшілігіне бұл шеру жайлы арнайы ескертілсе де, Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Рита Ерманова шерушілердің алдынан шығып, бұл әрекеттің заңсыз әрі рұқсатсыз екендігін айтып, тезірек тарауын өтінді. Одан кейін Алматы қаласы Полиция өкілі де тоқтатып, жиналғандардың дереу тарауын өтінді. Алматы қаласы Прокуратурасының өкілі Олжас Нұрғазиев те бұл әрекеттің заңсыз екендігін, сол себепті тез арада тарауын сұрады. Жергілікті әкімшілікке хабарлама жіберілді ғой деген жиналғандардың ескертуіне құлақ аспады.
Жиналғандар ескертулерден кейін өздерінің жазықсыз отырған туыстарының Қытай түрмелерін босатылуын талап етіп, әрқайсысы өз мұңдарын айтты. Сосын көп ұзамай тарады. Байболат Күнболаттың айтуынша, ешкімге айыппұл салынбады.
Биыл естеріңізде болса, АҚШ, Канада, Австралия және Еуропа одағының елдерін Литва, Косова, Бельгия, Дания және Эстония, азиялық Индия елдері Қытайдың қысқы олимпиада ойындарына дипломатиялық байкот жариялаған еді. Бұл дегеніңіз аталған елдердің олимпиада ойыншылары қатыса алады, алайда мемлекет басшылары, билік адамдары қатыспайды деген сөз. Олар бұл байкотқа қатысты әртүрлі себеп айтқанымен, олардың негізгі себебі Қытайдағы адам құқығының аяусыз тапталуы, ондағы Мұсылман азшылығына жасалып жатқан заңсыз  әрекеттері үшін Қытайға қыр көрсету болған еді.

Ал Байден әкімшілігі және өзге де елдер Қытай езгісін сынап, оны геноцид деп таныған болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар