//

Шалқар көліне суға кеткен баланы іздестіру жүріп жатыр

1512 рет қаралды

22 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінде суға жүзіп жүрген баланы толқын жағадан алып кеткен. Савелий Николаевич Локтев есімді бала, 2013 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Амангелді ауылының тумасы.

Баланы іздеу үшін артынан 1957 жылы туған Михаил Леонтьевич Локтев суға кеткен. Болған оқиғаға байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарына Шалқар көліндегі №5 құтқару бекеті жолданған. 22 маусым күні сағат 18.45-те баланың үрмелі матрасы табылған. Түнде атасы табылып, бала табылмаған.

23 маусым күні сағат 05.00-де Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінде ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен 2013 жылы туған Савелий Локтевті іздеу жалғасты. Іздестіру жұмыстарына 13 құтқарушы, 4 жүзу құралы. 2 бірлік техника тартылған.
Бұл күні сағат 21.30-да тәуліктің қараңғы түсуіне байланысты Шалқар көліндегі іздеу тоқтатылды. Іздеу нәтижесіз болды.


24 маусым күні сағат 05.00-де баланы іздеу жалғасты.
– Сағат 08.05-те Шалқар көлінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүрізу үшін әуежайдан тікұшақ ұшты. Оқиға орнына 21 жеке құрам, 6 моторлы қайық, 4 сүңгуір есебі, 3 сүңгуір тобы, 4 бірлік техника тартылды. 1 тікұшақ көтерілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға атпен, көлікпен (мотоцикл және т.б.) шығу ұсынылды. Волонтерлер де іздеуге кірісті. Іздестіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі