///

Үржар аудандық кітапханасына жүз мыңдай оқырман келген. Ал сіз кітапханаға барасыз ба?

1801 рет қаралды
Үржар аудандық кітапхана

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ұтылған бір дүниеміз – рухани құндылықтарымыздың құлдырап, мәдениет ошақтарының жаппай жабыла бастауы болған еді. Мәдени мұраның азуы – ұрпақтың азуына жетелейтіні дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Бұл күнде азғындықтың неше атасын көріп жүрміз. Бұл біздің руханиятымыздың ақсап жатқандығының көрінісі болса керек. Ендеше руханиятты қалпына келтіру үшін кітап оқу мәдениетін жандандыру ең басты дүниенің бірі. Ендеше өңірлердегі кітапханалардың жағдайы қалай? Шығыс Қазақстан облысындағы (қазіргі Абай) ірі аудандардың бірі Үржар ауданында бүгінде 11 кітапхана бар екен. Бұл кітапханалардың да тарихы облыстардың тарихы секілді ұзынсонар, бір ашылып бір жабылып бүгінге жеткен.

Ең алғашқы кітапхана 1930 жылы «Қызыл отау» негізінде  ашылыпты. Сосын 1946 жылы Қазақстанда Мәдениет бірлестігі құрылып, осыған орай ауданда мәдениет бөлімі жанынан аудандық кітапхана жасақталады. Ал, 1984 жылы аудандық балалар кітапханасы қайта ашылады.

Ал сіз тәуелсіздікке дейін аудан көлемінде 26 кітапхана жұмыс істеп тұрғанын білесіз бе? 1996-1997  жылдары бұл кітапханалар бес есеге дейін қысқарып, небәрі 3 кітапхана ғана қалған екен.

1997 жылы Таскескен, Мақаншы аудандары Үржар ауданына қосылған кезде әлгі үш кітапхана тағы да «оңтайландырып», бір кітапханаға айналады.

Тек 1999 жылы ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің  қаулысына сәйкес «Үржар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  қаңтар айынан бастап мемлекеттік мекеме ретінде қайта құрылған. Ауылдық кітапханалардың қызметі 2007 жылдан жандана бастапты.

Сонымен қазір аудан бойынша 11 кітапхана жұмыс істеп тұр.

Үржар аудандық кітапхана директоры Райгүл Базарбаеваны қысқа әңгімеге тартқан едік:  

Райгүл Базарбаева

– Тоқырау кезінде бізде аудан бойынша 28 кітапхана болған, оның бәрі сол кезеңде қысқартуға түседі де, Таскескен ауылдық кітапханасы, Мақаншы ауылдық кітапханасы және Үржар аудандық кітапханасы болып аудан бойынша үш кітапхана ғана қалады. Мақаншы ауданы мен Үржар ауданы қосылып, Үржар аудандық кітапханасы болып қалады. Содан кейін бірнеше жылдардан кейін 5 кітапхана, одан 8 кітапхана болса, қазіргі таңда 11 кітапхана бар және 1 балалар кітапханасы, 1 аудандық кітапхана жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда кітапхана жұмыстары дамып келеді, оған дәлел екі кітапхана. Қазіргі уақытта Цифрлы Қазақстан – әлеуметтік желілердің дамуына байланысты 11 кітапхананың 9-ы интернеттік желіге қосылған, 2 кітапхана интернеттік желіге қосылған жоқ. Себебі, ол ауылдар шекералас аймақтар. Біреуі- Ақшоқы кітапханасы,

Біреуі Қытаймен шекаралас аймақта болса, екінші біреуі- Қарабұлақ ауылдық кітапханасы. Ол да шекаралас аймақ – Жарбұлақтың жанында. Қосылу жүйесіне қиын алыстан қызметкерлері келеді, бірақ интернет жүйесі жоқтығынан қиындық туғызады. Сонымен қатар, жас өспірімдер мен балалардың жеке кітапханасына мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді. Ұрпақтарымыз заманауи технологиялық ақпараттарды жақсы меңгерсе, қоғамда болып жатқан тың жаңалықтарды біліп, рухани дамыса бұл да бүгінгі қоғамның жемісі болмақ.

Нұржан Құмар, 

Үржар ауданы, 

ШҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері