////

Қатонқарағай ауылында су құбырын жөндеу үшін ауыл әкімшілігі 82 миллион теңге төлеген, бірақ құбырлар әлі жұмыс істемейді

3111 рет қаралды

ШҚО, Катонқарағай ауданындағы, Майемер ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін неше жыл айтып келе жатыр. 2022 жылы ШҚО Катонқарағай ауданы, Алтын бел ауылдық округінің әкімшілік аппаратының тапсырысымен “Катон Қарағай ауданы, Майемер ауылында “Ағымдағы су құбырларын жөндеу” жұмыстарына 82 664 400,00 теңге бөлінген.

Мемлекеттік тапсырысты “BUILDER GOLD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған. Жұмыстардың жасалуы туралы анықтамаға сәйкес Майемер ауылында маусым айында жөндеу жұмыстары аяқталып, қол қойылған, Алтын бел ауылдық округінің әкімі Мағауянов Е. Б. қол қойып қабылдап алған.

Алайда Майемер ауылының тұрғындары жасалған жұмыстардың сапасына наразылық білдірді.
Ибраимова Рита, Майемер ауылының тұрғыны:


“Көше бойында салынған құбырлар диаметрі 25 см ғана, құбырларда су жоқ, құдықтарға қойылатын кран мен вентильдеріне, жерді қазуға ауыл тұрғындарынан ақша жинап алған. Кейбір отбасыларынан 5000 мың теңге, кейбір отбасыларынан 10000 мың теңгеден жинап алған”.

Қазылған арықтарды жаппай, сол бойы қалдырып кеткен

Алтынбел ауылдық округінің әкімі Мағауянов Ернұр Берікболсынұлы Майемердегі орын алған жағдайды түсіндірді:
– “BUILDER GOLD” ЖШС-нің Айтмухаметов Ақжан деген басшысы, мамыр -маусым айынан бастап тапсырыс жұмыстарын атқарды. Келесі жұмада жұмыстарын толық аяқтайды.
Қазіргі әкелген насостары істемей, күйіп кеткен болатын. Қазір мердігер бұрынғы насосты қойып, жаңа насосқа тапсырыс берді. Ол жерде әкеліп орнатқан 3 колонкадан клапандары дұрыс істемей, ақаулық шыққан. Дүкеннің алдында, Майемер тұрғындары біледі, Карибаев көшесінде бір колонка, ар жағында Азамат ағамыздың үйінің жанында бір колонка, сонымен 3 колонка қазір жұмыс істемей тұр. Келесі жұмада мердігер бұл колонкаларды жөндеп, қайта қойып береді. Тапсырысқа сәйкес мердігер Майемер ауылының 4165 метрге су құбырларын тартып беру керек болатын. Карибаева, Тайбұға, Алтынсарин көшелеріне су тартып, 14 колонка, 18 құдық қойып берді. Ал үйіне қарай су тарту жұмыстары бойынша, басында мердігер үйге дейін метріне 13500 теңге сұраған болатын. Мен, халықтың қалтасы көтермейді, бағаны түсіріңдер деп айтқаннан кейін, 10000 мыңға түсірді.

Ауыл әкімі мердігер жұмысты келесі аптада аяқтайды деп айтқанымен біздің қолымыздағы “орындалған жұмыстарды қабылдап алу актісі” бойынша, әкім жұмыстарды қабылдап алған. Барлық ақысы төленген.

Тұрғындардың ашуын туғызып отырған тағы бір мәселе, Майемер ауылында бұған дейін ешқандай су құбыры болмаған. Ал “BUILDER GOLD” ЖШС мен Алтынбел ауылдық округінің арасында жасалған келісім шарттың техникалық ерекшелігіне үңілсеңіз, су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу делінген. Жоқ құбырды қалай жөндейді, құбыр салу жұмыстары болуы керек қой дейді.

Редакциядан: “Мінбер” сайтының редакциясы интернеттегі ашық дереккөздерін пайдалана отырып, “BUILDER GOLD” ЖШС  туралы ақпараттарды сүзіп шыққан еді.

www.uchet.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек аталған компания 2005 жылдан бері нарықта. Негізгі қызметі үш түрлі бағытта. Біріншісі, су құбырларын тарту, екіншісі әртүрлі құрылыс монтаждық жұмыстар. Үшіншісі, әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу. Порталға 2016 жылы тіркелген. Басшысы Ақжан Айтмұхаметов. Салық органдарына 1,244 миллион теңге қарызы бар. 

2021-2022 жылдары орындалған және әрекетте алты келісім шарты бар.

Бұл келісім шарттардың бесеуі бір орындаушымен келісім шарт жасасу арқылы жасалған, біреуі ғана ашық конкурс негізінде жүзеге асқан.

 Орындалған жұмыстар: 

 
Жұлдыз Ақтанжанова, 
ШҚО
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар